Кім кінәлі: халық па, билік пе?

Ғаламторда белгілікәсіпкер Айдын Рахымбаевтың «қазақстандықтардың салғырттығы елдегі эпидемиологиялықахуалдың шиеленісуіне алып келгенін, аурудың өршуіне қазақтардың ұят боладыдеп, жиындардан қалмауы себеп болып отыр» деген пікірі біраз талқыға түсті.
«Ұзақкарантин кезінде коронавирустың таралуының шарықтау шегін болдыртпай, ұстапқалған едік. Алайда 29 мамырда шектеу шаралары қайта жеңілдегеннен кейін ауружұқтырғандардың саны күрт өсіп кетті. Осы кезден бастап ойын-сауық орталықтары,дәмханалар мен мейрамханалар қайта ашылды. Басқа елдерде біздікі сияқтыдәстүрлер жоқ. Қазақтарда баланың туғанынан бастап, университетке түскенгедейін той бітпейді: қырқынан шығару, тұсаукесер, сүндет той, тілашар, мектепбітіруі, тағысы тағы бар. Жастар үйленсе, тағы бір тойдан екінші той шығып,қазақтар бірін-біріне қонаққа баруын қоймайды. Бұдан бөлек, туған күндердіайтпай-ақ қоялық. Міне, үйлерінде ұзақ отырған адамдар іштері пысып, одан қалса,ұят болады деп, шақырған жерге қалмай барады. Ал айтулы күнді дүйім жұртқа жарсалып тойламау – біз үшін ұят дүние. Олар мұның арты індетке жаппай шалдығуғаалып келетінін уайымдамайды», – дейді кәсіпкер. Айтуынша, тұрғындар барыншашектеу шараларынан қашып, тіпті үлкен той-томалақтарға келетін қонақтарды үшауысымға бөліп, 30 адамнан шақырған кездер де болыпты.
Рас, сөзініңжаны бар. Талай жылдан бері бір-бірінің қуанышына, қайғысына ортақтасып,үйреніп қалған қазекемнің карантин кезінде де бас қосқаны өтірік емес. Онысынсанитарлық-гигиеналық нормаларды сақтамады, маска тақпады, оқшауланбады, карантинталаптарын бұзды деп, еліміздегі денсаулық сақтау министрлігі де сынға алды. Алайдатаяқтың екі ұшы бар емес пе? Әрине, бәріміздің де қит етсе кінәні біреуге артасалғымыз келіп тұрады. Себебі жауапкершіліктен қашамыз. «Сүттен ақ, судан таза»болғымыз келеді.
Халықтыңтәртіпке бағынуы, өзінің ғана емес, басқаның да өміріне жауапкершілікпенқарауы, індеттің қауіптілігін түйсінуі адамның сана-сезіміне байланысты емес пееді? Қазіргі қоғам зиялыларының ұлттық идеологияны дұрыс жүргізу маңызды,көгілдір экраннан ессіз дүниелермен көрерменнің санасын уламау қажет депалаңдауы дәл осы жерде орынды. Теледидарды қосып қалсаң, іші танымдық, ғылыми-зерттеу,креативті, интеллектуалды, мәдениетіңді арттырып, көкжиегіңді кеңейтетінбағдарламалардан сусап, ток-шоулар мен өсек-аяңға толған бағдарламаларға толыптұр. Осыны көргеннен кейін қарызға батып жатсақ та, той жасағыш халық бізболмағанда, кім болсын?! Халық бұрыс нәрсе жасаса, демек, ол биліктің дұрыс идеологияжүргізе алмай отырғанының нәтижесі емес пе? Міне,осының барлығы билік пен халық арасында кері байланыс болмауының, олардың бірін-біріестімей келгенінің салдары шығар?
Мұны күні кешепрезидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі айтып,идеологиялық блоктың креативті жұмыс істей алмай отырғанын сынға алған еді.«Әкімдер аса күрделі жағдайда жұмыс істей алмайды. Өзекті проблемаларды шұғылшешуді, азаматтарға мемлекеттік саясатты дұрыс түсіндіруді білмейді», – деген-ді.Республикалық «Ана тілі» басылымына берген сұхбатында да: «Мемлекеттік басқаруісіндегі және идеология саласындағы қателіктерді дер кезінде түзеткен жөн. Егержұмыс осылай жүретін болса, сөзсіз әділдік орнайды. Мен мұны сайлау алдындағы бағдарламамдаайтқан болатынмын», – деді.
Кешегіотырыста әкімдер мен министрлердің басқа жағдайда жұмыс істеп үйреніп қалғанын,мұнай бағасы 100 доллар болып тұрған кезде бюджет көп болғанын, имидждік іс-шараларатқарылып, әдемі баяндамалар жасалып, жылына екі рет демалыс алып жүргенінайтқан-ды. Нәтижесінде мұның бәрі мемлекеттік аппаратты түбегейлі босаңсытып жібергенінтілге тиек етті.
Міне, «Тоқбала аш баламен ойнамайдының» кері осы кезде алдымыздан шыға келді. Өйткені тұрмысы министр мен әкімдерден әлдеқайда төмен, кедей адам өзінматериалдық жағынан қамтамасыз ете алмай отырғанда рухани баюды ойласын ба?Ондай кезде ғылымың не, мәдениетің не, этикаң не, тәртіпке бағынуың не – бәрініңқұны бес тиын. Салдарынан екі түрлі әлемнің адамдары көрінеді.
Ал режиссерЕрмек Тұрсынов болса ең алдымен мәдениет болуы керегін айтқан еді. «Біз «алдымен– экономика, одан кейін – саясат» деген ұранмен өмір сүріп келдік. Қазір бәрікерісінше: алдымен – саясат, одан кейін – экономика. Бірақ қазір олардың неалдыңғысы, не кейінгісі жұмыс істемейді. Өйткені ең алдымен мәдениет болуыкерек. Ал қалғандары одан кейін бола жатады. Онсыз мәдениетсіз адамды үлкенсаясатқа да, үлкен экономикаға да араластыруға болмайды. Мәдениетсіз адамменеджер ретінде белгілі бір жетістікке жетуі мүмкін. Бірақ бұл уақытшажетістік. Шектеулі адам қолындағы шексіз биліктің тарттырар зардабы ауыр», –деген еді режиссер Ұлттық қоғамдық сенімкеңесінде.
РежиссерТалғат Теменов президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Дәурен Абаевқа жазғанхатында: «Біз, осы, қандай мемлекет құрдық? Қайда барамыз? Біздің алған жолымыз– дұрыс па, бұрыс па? Біздің басты құндылығымыз не? Неге біздің қоғамдакедейлер көп? Неге бізде әділетсіздіктер көрініп жатады? Неге жұрттың көбі кредиткетәуелді? Осылай мәңгі бола ма? Әлде біз де сілкініп, өзге елдер сияқты түрленіп,өзгеріп, жаңарып, жасарып, әлемдегі экономикасы дамыған, ғылым-білімі,мәдениеті, өркениеті өркендеген ұлы көштің соңында қалмасақ екен деген тілекқана.
Осы тұрғыда өзіңізге айтар ойым бар. Ол –екеуміз де көтерген проблема – идеология. Мен идеология жоқ десем, сіз бардейсіз. Жөн сөз. Бар. Бірақ осы идеология ілдалдалап төрт аяқтап әрең тұр. Иә,менде эмоция жетерлік. Творчествода эмоция алдыңғы қатарда болады. Алайдаайтайын, менің ұғымымда, идеология деген – елің үшін, жерің үшін, тілің үшін, мәдениетүшін, қоғамдағы әрбір келеңсіздік үшін жанкештілік. Идеология ешқашанматериалдық құндылықтардан тұрмайды. Яғни бұл – «Отан үшін отқа түс – күймейсің»деген Баукеңнің кредосы. Назым Хикмет айтқандай, «Мен жанбасам лапылдап, сенжанбасаң лапылдап, ол жанбаса лапылдап, кім жанады лапылдап?» деген қағида.Бізге қазір осындай лапылдап жанатын азаматтар керек», – деп ақтарылған еді.
Ал Айдын Рахымбаевайтқан «қазақтың ұятына» келсек, әлеуметтік желіде белсенді Айнаш Керей: «Қазақтыңұяты оның қонақжайлылығында емес, (індет өршіп тұрған кезде бас тартуғаболатын) тұсаукесер, сүндет той, құдалық, сырға салу, ұзату, құда күту, тойемес, қазақтың ұяты – коронавируспен күресуге деп бөлінген қаражатты жымқыру,дәрігерлерге қорғаныш заттарын берместен, оларды індетпен күресуге бетпе-бетқалдыра салу, індет алқымнан алып тұрған кезде дәрілерді қымбатқа сату», – деп ашынажазып, қазақтың ұятының қандай екенінің тізімін жасап берген. Ендеше, «Жаным –арымның садақасы» деген қазақты бас-көз жоқ, індеттің өршуіне халықты кінәлайбергеніміз жөн болмас.
Нұрай РАХЫМ