Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:29, 21 Шілде 2020

Кинодағы бітпейтін қырқыс

                          

Ермек Тұрсынов пен министр Райымқұлова бастаған топтыңдауына Асанәлі араласты Жаңа президент болып режиссер АқанСатаев тағайындалған «Қазақфильм» күні кеше мәлімдеме жасады: олар қазірүстінен тергеу жүріп, істі болып жатса да, Ұлттық киноны қолдау орталығына әлібасшылық етіп отырған Гүлнәр Сәрсеновамен бірлесіп жұмыс істейтіндерін мәліметті.

 

     Бұл дегеніміз – Алматыдағы Ұлттық кинонықолдау орталығының кеңсесі жақын арада «Қазақфильм» киностудиясына көшеді. Райымқұлованыңтобы осы «жүрісімен» Тұрсыновты жақтайтын киногерлер тобының кезекті шабуылынақарсы жауап беріп отыр. Сатаев пен Сәрсенованың бұл мәлімдемені асығысқұрастыруына Асанәлі Әшімов бастаған бір топ өнер қайраткерінің президентҚасым-Жомарт Тоқаевтың атына жазған хаты себеп болды. «Мәдениет және спортминистрлігі қызметкерлері тарапынан қызметтік этика өрескел бұзылып отыр» деп,ашық айып таққан Асанәлі Әшімов, Нұржұман Ықтымбаев, СатыбалдыНарымбетов, Есетжан Қосубаев, Болат Қалымбетов, Рүстем Әбдірашев, АнарҚашағанова,  Тасболат Мерекенов, НұрланСанжар және Абай Қарпықов сияқты майталмандар Ермек Тұрсыновтың жағында.

      Олар Тоқаевқа жазған хатында мәдениетжәне спорт министрлігінің қызметте отырғанына бір жыл да болмаған«Қазақфильмнің» бұрынғы президенті Арман Әсеновті лауазымынан алдап кетіргенінайтады. 9 маусым күні А.Әсенов киностудияның басқарушы директоры Қ.Төребайменбірге Нұр-Сұлтанға шақырылып, министрлік оларға басқа жұмысқа ауысатынынхабарлайды. Әсеновке «Ұлттық киноны қолдау орталығының төрағасы боласың»,Төребайға «Қазақфильм» киностудиясының президенті болып тағайындаласың» деген.Еш күмәндері болмаған Әсенов пен Төребай қызметтерінен босату туралы арыздарынжазып, Алматыға қайта ұшып кеткен. Хат авторлары енді бір ай үнсіздіктен кейін«Қазақфильм» президенті болып режиссер Ақан Сатаевтың тағайындалып отырғаныменкеліспейді, «елдің кино қауымдастығында жікке бөлінушілік болып жатыр,дау-дамай мен текетірестер бір жылдан бері басылмай келеді» деп президенткешағымдануда.

     Енді мәдениет министрлігі бұл шабуылғажауап ойлап тапса, кино саласының кәрі тарландары жаңа шабуыл жасайды.

«Өмірдің өзі – кино» дегендей,бұл «қырқыс киноның» жақын арада аяқталуы екіталай.

Ә.АҚЫЛБАЙ

Тегтер: