Бүгін, 16:47
Қырғыздар Көшпенділер ойынынан қазақтың көкпарын алып тастады

Жақында Қырғыздар елінде өтетін Көшпенділер ойынынан көкпарды алып тастағанын хабарлады. Бұл қоғам арасында кәдімгідей талқыланды.
Бұдан бөлек Қытайда өткен көкпарда қазақтар жергілікті командамен бірінші таймнан кейін ойынды жалғастырудан бас тартты. Басты себеп – аттардың жарамсыздығы. Мұны да жұрт алдағы қырғыздармен ойыннан қашты деп санады.Кейінгі уақытта ұлттық спортымыз айналасында дау өршіп тұр. Ал қазақ пен қырғыз арасындағы көкпар дауы бұрыннан тоқтамай келе жатыр. Қазандыққа шабамыз ба, шаппаймыз ба деген мәселе бар.
Осы мәселелер айналасында JAS ALASH студиясына бапкер Дербіс Байділдаевты шақырды.