Қырғызыстанда Ташиевтің ұлы тергеуге шақырылды
Қырғызстан ҰҚМК-ның бұрынғы басшысы Камчыбек Ташиевтің ұлы Тай-Мурас Ташиев милицияға тергеуге шақырылды. Бұл туралы бүгін меншікті дереккөздер хабарлады.
Ресми растау әзірге жоқ. Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты растаған жоқ.
Бұған дейін әлеуметтік желілердегі резонансты жарияланымдар мен ақпараттың таралып кетуіне байланысты Тай-Мурас Ташиевтің есімі мүліктік мәселелер мен бизнес операцияларға байланысты талқыланған еді. Оның өзі бұған дейін тағылған айыптарды жария түрде жоққа шығарған.
Айта кетейік, кейінгі күндері Қырғызстанда бірқатар саясаткерлер мен оларға жақын тұлғалардың тергеуге шақырылу жағдайлары тіркелуде. Атап айтқанда, бұған дейін Жогорку Кенеш депутаты Шаирбек Ташиевтің де ІІМ-ге шақырылғаны хабарланған, алайда істің мән-жайы ашық айтылмаған.
Қазіргі таңда Тай-Мурас Ташиевтің қай іс аясында және қандай мәртебеде (куәгер ме, әлде басқа процессуалдық тұлға ма) шақырылғаны белгісіз.
Айта кетейік, Тай-Мурас Тәшиев — 32 жаста, Камчыбек Тәшиевтің үлкен ұлы. Қазіргі таңда «Томас и Ко» компаниясы директорының орынбасары қызметін атқарады. 2021 жылы Жалал-Абад қалалық кеңесіне «Ата-Журт Кыргызстан» партиясынан депутат болып сайланғанымен, кейін мандаттан бас тартқан.