Бүгін, 12:15
Қырғызстан 17 қарашадан бастап өз ақшасын өзі басып шығара бастайды
Ұлттық банктің жаңа ғимаратының ашылу рәсімінде президент Садыр Жапаров банкноттарды басып шығару процесі қашан басталатынын нақтылады.
Ұлттық банк төрағасы Мелис Тургунбаев пен Президент әкімшілігінің істер басқарушысы Каныбек Туманбаевтың айтуынша, барлық құжаттар дайын, ал 17 қарашадан бастап 20 және 50 сомдық жаңа купюралар шығарылады.
Қағаз ақшалар «Учкун» кәсіпорнында басылып, алдымен тозған банкноттарды ауыстыру үшін ұсақ номиналдар шығарылады. 2026 жылдың ортасына қарай барлық купюраларды, соның ішінде 5000 сомдық банкноттарды да өз елінде басып шығару жоспарланып отыр.
Бұған дейін қырғыз сомдары шетелде — Франциядағы Oberthur Fiduciaire және АҚШ-тағы Crane Currency кәсіпорындарында өндірілетін.