Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:25

Қырғызстан Иранға 129 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Е
Фото: ашық дереккөз

Қырғызстан Иранға гуманитарлық көмек жөнелтті. Бұл туралы республиканың Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Жүктің құрамына 66 тонна азық-түлік және 63 тонна дәрі-дәрмек кірген.

Көмек жеті жүк көлігімен жеткізілуде. Жүктің ішінде ұн, ет консервілері, өсімдік майы және медициналық препараттар бар. Гуманитарлық көмекті тапсыру рәсімі Қырғызстанның Ирандағы елшісі Ақылбек Қылычевтің қатысуымен өтеді.

Бұған дейін Бішкек Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына алаңдаушылық білдіріп, тараптарды атысты тоқтатуға және қақтығысты халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысына сәйкес бейбіт жолмен шешуге шақырған.

Айта кетейік, АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери әрекеттері 28 ақпанда басталған. Израиль бұған дейін Иранның ядролық бағдарламасының дамуын тежеуге дайын екенін бірнеше рет мәлімдеген. Ал АҚШ 2018 жылы ядролық келісімнен шыққаннан кейін Тегеранға қарсы санкциялық және әскери-саяси қысымды сақтап келеді.

Өз кезегінде Иран Израиль нысандарына және оның өңірдегі одақтастарына байланысты объектілерге соққы беріп жатқанын мәлімдеуде. Шиеленіс Ливан, Сирия, Ирак және Йемендегі ираншыл топтардың қатысуымен кең ауқымды қарсыласу аясында өршіп отыр.

Тегтер: