Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:47

Қырғызстан парламенті өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдады

1
Фото: Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің баспасөз қызметі

Қырғызстан Жогорку Кенешінің депутаттары VII шақырылымды өзін-өзі тарату жөніндегі қаулы жобасын бірауыздан мақұлдады.

 Бұл туралы Қырғызстан парламентітнің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл 32 депутаттан құралған топ тарапынан ұсынылған. Депутат Улан Примовтың айтуынша, елде екі маңызды саяси оқиға – парламенттік және президенттік сайлаулар – қысқа уақыт аралығында өтуі тиіс.

«Саяси жүйені және елдегі тұрақтылықты нығайту мақсатында парламент өз өкілеттігін ерікті түрде тоқтатуды ұсынады», – деді ол.

Депутат еске салғандай, Қырғызстанда сайлау заңнамасы өзгерген. Жаңа заңға сәйкес 30 көпмандатты округ құрылып, әрқайсысынан 3 депутат сайланатын болады.

Жалпы 84 депутаттың барлығы бастаманы қолдап дауыс берді. Осылайша, VII шақырылымдағы Жогорку Кенеш ресми түрде өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.

Спикер Нурланбек Тургунбектің сөзінше, кезектен тыс парламенттік сайлау 30 қарашада өтеді. Ал 2026 жылдың қарашасында кезекті парламенттік сайлау, одан кейін бір айдан соң президенттік сайлау жоспарланған.