Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:55

Қырғызстан түрмесінен тікұшақпен шыққан Әжиев тағы екі айға қамауға алынды

Даниэль Әжиев
Фото: ашық дереккөз

Даниэль Әжиев екі айға қамауға алынды. Ол осы уақыт аралығында СИЗО-1 тергеу изоляторында болады. Мұндай шешімді Тоқмақ қалалық соты шығарды.


Әжиев «есірткі және психотроптық заттарды өткізу мақсатсыз заңсыз дайындау» бабы бойынша күдікті ретінде қарастырылып отыр. Бұл айып бойынша оған бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Биыл ақпанда Садыр Жапаров оны кешірім жасап босатқан болатын. Бұған дейін Әжиев вебкам-студияларды ұйымдастырғаны үшін сотталған еді. Бостандыққа шыққан соң ол тікұшақпен ұшып кеткен, бұл әлеуметтік желіде үлкен наразылық туғызды.

Кейін президент Садыр Жапаров өзін алдағанын айтып, тікұшақты кері қайтаруды тапсырған. Сол күні Әжиев Тоқмақ маңында қайта ұсталды.