Бүгін, 11:31
Қырғызстанда 17 жастағы Айсұлуға қатысты күдікті тергеу изоляторында өзіне қол жұмсады
Бішкек қаласындағы СИЗО-1-де Құмарбек Абдыровтың денесі 7 ақпанда камерадан табылды. Абдыров былтыр желтоқсан айында изоляторға жеткізілген болатын.
Қырғызстанда 17 жастағы Айсұлу 27 қыркүйекте Барскон ауылынан Жеті-Өгіз ауданы арқылы Қаракөлге бара жатқан кезде жоғалып кеткен. Бақылау камералары оның Honda Stream автокөлігін 41 жастағы А.К. басқарғанын көрсеткен.
Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті қызды зорлап, тұншықтырып өлтірген, содан кейін денесін биіктен тастап, шөппен жапқан.