Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:41

Қырғызстанда Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Рыспек Сыдыгалиевтің ұсталды

Рыспек Сыдыгалиев
Фото: Kaktus.media

Қырғыз Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚК) Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Рыспек Сыдыгалиевтің ұсталғанын растады.

Қырғыз ҰҚК мәліметінше, ол 2022–2023 жылдары Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталығын басқарған кезеңде жеке баю мақсатында қарамағындағы қызметкерлерден жүйелі түрде ақша жинауды ұйымдастырған.

Қозғалған қылмыстық іс аясында жүргізілген жедел-тергеу шараларының нәтижесінде шенеунік ұсталып, Қырғыз Республикасы ҰҚК-нің тергеу изоляторының уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Қазіргі уақытта Қырғызстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі аталған заңсыз әрекетке қатысы болуы мүмкін басқа да лауазымды тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасып жатыр.