Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:07

Қырғызстанда экс-ҰҚК басшысы Камчыбек Ташиевтің ағасы ұсталды

Шаирбек Ташиев
Фото: Kaktus media

Қырғызстанда бұрынғы депутат Шаирбек Ташиев ұсталды. Ол экс-ҰҚК басшысы Камчыбек Ташиевтің туған ағасы, экс-депуат.

Қырғызстан Ішкі істер министрлігі мәліметінше, Шаирбек Ташиев «Қырғызнефтегаз» компаниясындағы жемқорлық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында ұсталған.

Тергеу деректері Мемлекеттік салық қызметі мен аудиторлық тексеріс материалдары негізінде жиналған. Қазіргі таңда күдікті Бішкек қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Еске салайық, бұған дейін Шаирбек Ташиевтің депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған еді. Ол бұған дейін ІІМ-нің бас тергеу басқармасында жауап беріп, кейін босатылған болатын.

Ал Камчыбек Ташиев биыл ақпан айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы қызметінен босатылған. Президент оның мемлекеттік қызметке қайта оралмайтынын мәлімдеген.