Қырғызстанда Эльдар Жақыпбековтен соң ГКНБ-ның тағы бес қызметкері ұсталып, алтауы жұмыстан шығарылды
Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ГКНБ) Бішкек қаласы бойынша Бас басқармасының бұрынғы басшысы Эльдар Жақыпбековтің қызметіне қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында тағы бес азамат ұсталды.
Бұл туралы ГКНБ баспасөз қызметі хабарлады.
Бірінші Май аудандық сотының шешімімен күдіктілер Бішкек қалалық ІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына (ИВС) және Қырғыз Республикасы Әділет министрлігіне қарасты Қылмыстық-атқару қызметінің №21 тергеу изоляторына (СИЗО-21) қамауға алынды.
Сонымен қатар:
ГКНБ-ның Ішкі қауіпсіздік қызметі жүргізген қызметтік тексеріс нәтижесінде:
ұлттық қауіпсіздік органдарынан алты қызметкер жұмыстан шығарылды;
ГКНБ қызметіне үміткер бір кандидат тізімнен шығарылды;
сегіз қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды.
Ведомство мәліметінше, аталған сыбайлас жемқорлық тобына қатысы болуы мүмкін басқа да қызметкерлерді анықтау жұмыстары жалғасуда.
Еске салсақ, Бұған дейін Қырғызстанның Әскери прокуратурасы Жақыпбековке қатысты Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 336-бабының 1-бөлігі («Сыбайлас жемқорлық») бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. Ол ГКНБ қызметкерлері мен азаматтық тұлғалардан құралған тұрақты жемқорлық тобын құрып, жеке баюмен айналысты деген күдікке ілінген.