Қырғызстанда Ресей армиясына азаматтарды шақыру ісі бойынша ресейлік саяси технолог тұтқындалды

Қырғызстанда ресейлік саяси технолог Виктор Васильев тұтқындалды. БАҚ мәліметі бойынша, оның «Вагнер» жеке әскери компаниясы мен Ресейдің Барлау Бас басқармасына қатысы бар.
Қырғызстанның астанасы Бішкектің Первомай аудандық соты оны 2025 жылдың 17 маусымына дейін қамауға алуға шешім қабылдады.
«Регнум» ақпарат агенттігінің бас редакторы Марина Ахмедова жазғандай, Васильев — Африка мен Орталық Азия бойынша сарапшы ретінде танымал. Оның айтуынша, Виктор Василев қазір Өзбекстанның Ош қаласында Ресей армиясына азаматтарды шақыру ісі бойынша тұтқындалған «Русский дом» өкілі Наталья Секеринаға қатысты тексерілуде. Секерина 23 сәуірде тұтқындалған болатын. Сондай-ақ, осы іс аясында Ош қаласы әкімдігі қызметкері Сергей Лапушкин де қамауға алынды.
Виктор Васильев — «Улыбаемся и машем» Telegram арнасының авторы. 2023 жылы «Досье» орталығы Василевтің бұрын Луковенко деген фамилиямен танымал болғанын жариялаған. 2011 жылы ол «Русский марш» кезінде 58 жастағы Шри-Ланка азаматын өлтіргені үшін 8 жылға қатаң тәртіптегі колонияға сотталған. Бес жылдан кейін Луковенко мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды. BBC орыс қызметі оны «Вагнер» негізін қалаушы Евгений Пригожиннің саяси технологы деп атап өткен болатын. Пригожиннің өлімінен кейін Луковенко Ресейдің Буркина-Фасодағы ықпалын кеңейтумен айналысқан.
Қырғызстандағы тұтқындаулар Ресейдің Мәскеудегі «Бодрост» моншасында Қырғызстан азаматтарына қарсы өткізілген рейдтен бірнеше күн өткен соң басталды.