Қырғызстанда ҰҚШҰ оқу-жаттығуының екінші кезеңі аяқталды
Қырғызстанда «Өзара іс-қимыл-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығуының екінші кезеңі, «Іздеу-2024» және «Эшелон-2024» арнайы оқу-жаттығулары аяқталды.
Оның барысында Орталық Азия аймағындағы қарулы қақтығысты шешу үшін ҰҚШҰ Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің бірлескен операциясына дайындық жұмыстары жүргізілді. Кезеңнің маңызды элементі бірлескен операцияны өткізу жоспарын анықтау болды.
Оқу-жаттығулар басшылығы бекіткен жоспар ҰҚШҰ ТЖҚҚ қолбасшысының басты мақсаттары агрессияға тойтарыс беру, заңсыз қарулы жасақтарды, олардың оқу-жаттығу жиындарын, базаларын оқшаулау және жою болып табылатын бірлескен операцияны өткізу сондай-ақ мемлекеттік шекара бойындағы жағдайды қалпына келтіру туралы шешім қабылдауына негіз болды, делінген хабарламада.
Оқу-жаттығуларға Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасының ҰҚШҰ әскерлерінің (ұжымдық күштерінің) контингенттері қатысуда. Олардың ішінде әскери контингенттер, ішкі істер органдарының (полиция) арнайы бөлімшелері, қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою саласындағы уәкілетті органдардың арасынан арнайы жасақ құрамалары, сондай-ақ жедел топтардың Біріккен штаб және ҰҚШҰ хатшылығы бар.
Барлығы 1500-ге жуық әскери қызметші және 300 бірлікке дейін қару-жарақ, әскери және арнайы техника, соның ішінде ұшақтар, түрлі үлгідегі ұшқышсыз ұшу аппараттары, жауынгерлік катерлер мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері жұмылдырылған.