Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:50

Қырғызстанда Жалал-Абад қаласының атауы Манас болып өзгерді

Садыр Жапаров
Фото: ашық дереккөз

Қырғызстан парламенті – Жогорку Кенеш Жалал-Абад қаласының атауын Манас деп өзгерту туралы заң жобасын үш оқылымда бірден мақұлдады. Бұл туралы мәлімет парламенттің ресми сайтында жарияланды.

Түсіндірме жазбада атауды өзгертудің негізгі себебі – жергілікті тұрғындардың өтініші екені айтылған. Заң жобасын ұсынған депутаттар: «Жалал-Абад қаласына қырғыз халқының батыры, елді талай зұлматтан қорғаған ұлы Манастың есімін беру – ұлттық идеологияны күшейтудің жолы» деп атап өтті.

Kaktus.media дерегінше, депутат Акылбек Тумонбаев бұл бастамаға басқа өңір тұрғындарының көзқарасын сұрағанда, Мемлекеттік қызмет және жергілікті басқару агенттігінің директоры Құдайберген Базарбаев «пікірлер әртүрлі болғанымен, қолдағандар басым» деп жауап берген.