Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:22, 01 Шілде 2024

Қырғызстанда қайтыс болған балалардың денесі Өскеменге жеткізілді

в
Фото: ШҚО әкімдігі

Қырғызстанның Ош облысындағы Ноокат ауданында ауыл тұрғындар мен туристер арасында қаза тапқандар ішінде Шығыс Қазақстанның балалары да бар.

Қайғылы оқиға болған күні екі ұл мен екі қыз аналарымен туыстарына қонаққа барған. Туристік аймаққа түскен сел салдарынан екі бала да қайтыс болды. 

Бүгін қаза тапқандардың денелерін Өскеменге арнайы бортпен жеткізді. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде балалардың туыстарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылып, оған өңірдің барлық қызметтерінің мамандары жұмылдырылды.
Өңір басшысы Ермек Көшербаев қаза тапқандардың туыстарымен кездесті. Осы қиын күндерде жергілікті атқарушы органдар жерлеу рәсімін ұйымдастырып, өткізуді өз мойындарына алды. Өңірдің кәсіпорындары мен бизнес өкілдері отбасыларға көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді, делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетейік, 28 маусымда Қырғызстанның Ош облысында сел болып, 9 адам қаза тапты. Олардың арасында кәмелетке толмаған екі қазақстандық бала бар екені белгілі болды. 

Тегтер: