Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 11:40

Кирилловты өлтірді деген күдіктіге лаңкестік әрекет жасады деген айып тағылды

Игорь Кириллов
Игорь Кириллов. Фото: Ministry of Defence of the Russian Federation

Генерал-лейтенант Игорь Кирилловты өлтірді деген күдікпен ұсталған Өзбекстан азаматы Ахмад Курбановқа терроризм бабы бойынша айып тағылды.

Ресей Қарулы Күштерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс күштерінің басшысы генерал-лейтенант Игорь Кирилловты өлтірді деген күдікпен ұсталған Өзбекстан азаматы Ахмад Курбановқа лаңкестік әрекет жасады деген айып тағылды, деп хабарлайды Ресей мемлекеттік ТАСС агенттігі құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.

Хабарламадан белгілі болғандай, Құрбанов Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің үш бабы: 105 (кісі өлтіру), 205 (террорлық акт) және 222 (қаруды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе алып жүру) бойынша айыпталып отыр.