Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:08

Қырымда Ан-26 ұшағы құлап, 29 адам қаза тапты

Ан-26
Фото: ашық дереккөз

Қырым аумағында әскери-транспорттық Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады.

 Авиакатастрофа салдарынан борттағы барлық адамдар қаза тапты. Бұл туралы  BBC жазды.

Ресей Қорғаныс министрлігінің ресми мәліметінше, апат құрбандарының жалпы саны – 29 адам. Оның ішінде 6 экипаж мүшесі және 23 жолаушы болған. Ұшақ құлаған орын құтқару қызметтері тарапынан анықталған.

Қазіргі мәліметтер бойынша:

Ұшақпен байланыс сейсенбі күні шамамен сағат 18:00-де, жоспарлы ұшу кезінде үзілген;

Әуе кемесі түбек аумағы үстімен ұшып бара жатқан;

Алдын ала себеп – техникалық ақау.

Ресейлік мемлекеттік БАҚ, соның ішінде ТАСС және РИА Новости деректеріне сәйкес, ұшақ «жартасқа соғылған». Ал әскери ведомство ұшаққа сырттан шабуыл  болмағанын атап өтті.

Айта кетейік, Ан-26 — орта қашықтыққа әскер мен техниканы тасымалдауға арналған жеңіл әскери-транспорттық ұшақ. Бұл модель 1975 жылдан бері пайдаланылып келеді.