Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:12, 05 Қаңтар 2024

"Қыс болмайды" сөзімен танылған Арстан Алай түрмеде өлі табылды

Арстан Алай
Фото: из открытых источников

Бүгін, 5 қаңтарда Қылмыстық атқару қызметінің No31 колониясының камерасында Арстанбек Әбділдаевтың (Арстан Алай) өлі табылды. Бұл туралы адвокат Қайсын Әбакиров хабарлады.

Оның айтуынша, Октябрь сотының тергеу судьясы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларын бұза отырып, Арстан Алайды қамауға алған.

«Бұл жағдай менің қорғауымдағы азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тергеу изоляторының басшылығына бірнеше рет жазбаша өтініш жасағаныма қарамастан өзгермеді. Неліктен, кімнің нұсқауымен, қашан No31 колонияға ауыстырылғаны бізге беймәлім. Бір сөзбен айтқанда, құқық қорғау органдарының, тергеулердің, соттардың, ҚАЖ органдарының заңсыз әрекеттері адам өліміне әкелді. Біз Бас прокуратура басшылығынан барлық кінәлі шенеуніктерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраймыз», - деп жазды Қайсын Әбакиров.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз орталығы Арстан Алайдың діни араздықты қоздырған қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған.

Арстанбек Әбділдаевты қамауға алуға әлеуметтік желілерде діни және конфессияаралық араздықты қоздыруға, азаматтардың діндарлығы негізінде жеке басын дәріптеуге шақыру, кітаптар мен брошюралар жариялағаны туралы ақпарат негіз болған.

«Ол өзін «жаңа құдай», «құтқарушы» деп, басқа діндерді, нанымдар мен көзқарастарды төмен, әлсіз және жарамсыз адасушылық деп санайды», - деп атап өтті департамент.

Айта кетейік, Арстан Алай қыс болмайды деген сөзімен Қырғызстаннан басқа елдерде де танылып кеткен еді.

«Қыс мезгілі болмайды. Сіз күлетін шығарсыз, бірақ оған көзіңіз жетеді. Қыс болмайды, батыста су тасқыны болады. Көрерсіздер, содан кейін күлуге шамаларыңыз болмай қалмасын», - деген еді ол 2011 жылғы баспасөз мәслихатында.

Оның бұл сөзі Қырғыз Республикасында ғана емес одан тыс аймақтарда да біразға дейін әзіл ретінде қолданылып жүрді.

Тегтер: