Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:11, 17 Ақпан 2025

Кит Келлог келіссөзге еуропалықтардың қатысуы екіталай екенін айтты

1
© AP Photo / Andrew Harnik

АҚШ президентінің Украина жөніндегі арнайы уәкілі Кит Келлог Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында журналистердің Ресей мен Украина арасындағы бітім келісімі туралы сұрағына жауап бере отырып Украина келіссөз үстелінде отыратыны анық деп мәлімдеді.

Кейінгі күндері Киевте және Еуроодақ елдерінде АҚШ пен Ресей бітім жөнінде екіжақты келіссөз жүргізіп, Украина мен Еуроодақтың қатысуынсыз келісімге келе ме деген алаң күшейген.

"Әрине, украиндар келіссөз үстелінде болады" деді Келлог. Оның сөзіне қарағанда, келіссөзге Еуроодақ өкілдерінің тікелей қатысуы қарастырылмаған. Бірақ Келлог Еуропа лидерлерімен сөйлесіп, олардың ұсыныстарын сұрап жатқанын, Еуропа мүдделері ескерілетінін мәлімдеді.

Бұған дейін Еуроодақ лидерлері де, Украина президенті Владимир Зеленский де бейбітшілік келісіміне Еуроодақ өкілдері тікелей қатысуы керек деген. Бірақ бұл келіссөздердің формуласы әлі анықталмаған. Келлог келіссөзге Ресей мен Украина және араағайын ретінде АҚШ анық қатысады деп мәлімдеді. Келлог бұл келіссөзді 180 күн ішінде ұйымдастыруды өз мойнына алғанын айтты. Оның сөзінше, соғыс осы жылдың аяғына дейін тоқтауға тиіс.

Арнайы уәкілдің сөзінше, ол өз жұмысының нәтижесі санаулы аптадан кейін-ақ көрінетіндей етіп қызмет етуге барын салып жатыр. Бұл президент Трамптың талабы деді ол.

Тегтер: