Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 15:56

Еділ Жаңбыршин ЛГБТ насихатын қорғаған азаматқа жауап берді

Жаңбыршин
Фото: zhasalash.kz

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатқан ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заң жобасы аясында өзін сынаған желі қолданушыларына жауап берді. 

Ол қарсы пікір білдірген қолданушылардың біріне эмоциялық түрде жауап қайтарып, қоғамның дәстүрлі құндылықтарын қорғау қажет екенін ескертті.

Пікірталас кезінде Виталий Шевченко есімді азамат депутаттың жазбасына пікір қалдырып, өзінің мектепте гомофобия салдарынан қысым көргенін айтып, қазір дәл сондай психологиялық қысымды Жаңбыршиннің өзі тұтас қоғамға көрсетіп отырғанын жазды.

«Мектепте 6-сыныптан 11-сыныпқа дейін мені дәл сіз секілділер гомофобия үшін мазақ етті. Қазір 42 жастамын, ал сіз бүкіл елді буллингке ұшыратып отырсыз. Сіз депутат емессіз, сіз құбжықсыз. Масқара!», - деп жазды Шевченко.

Осыған жауап ретінде депутат:

«Үйде немен айналыссаң – өз еркің. Бірақ ЛГБТ-ны насихаттаудың қажеті жоқ. Тыныш өмір сүр де, бұл туралы қыт-қыт ете берме! Сен адамзаттың масқарасысың!», - деп жазды.

Аталған пікір алмасудан кейін депутат жеке парақшасында арнайы жазба жариялап, ЛГБТ-ны ашық насихаттауға қарсы екенін тағы бір мәрте мәлімдеді. Ол бұл мәселені қоғам үшін аса қауіпті деп бағалап, кейбір топтардың артында шетелдік күштер мен қаржылық қолдаушылар тұруы мүмкін екенін алға тартты.

«Қоғам болып ЛГБТ насихатына белсенді түрде қарсы тұруымыз қажет. Бұл қауіпті мәселені көтергенім үшін мен — “монстр”, мен — “позорище” екенмін!», - деді депутат.

Жаңбыршин
Фото: facebook