Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:23, 30 Наурыз 2023

Кітап оқу – мәдениет кілті

None
None

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, жалпы өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығы мен оқу мәдениетін қалыптастыру жағын қолға алып, отбасында баланы балалар әдебиетімен таныстыра отырып, қызығушылықтарын арттыруға қатысты барынша жұмыстар атқарылып келеді.

Адам өзін жан-жақты толықтырып, қалыптасуы үшін кітап оқуы өте маңызды. «Ойланбасаң оқу – бекер еңбек, оқымай ойлау – қауіпті» деп Конфуций айтқандай, шындығында оқу-білімсіз еңбек ету құр әурешілік екені өмірде дәлелденіп те жүр. Осы орайда, келешек ұрпақтың саналы, білімге құштар болып өсуі үшін елімізде арнайы сағаттар жиі өткізіліп тұрады.

Арнайы тоқтала кетсек, қазақстандық мектептер мен орталық кітапханаларда «Кітап – ой маржаны» тақырыбында семинарлар арнайы жүйе бойынша жылда өткізіліп тұрады. Мұндағы басты мақсат – өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығын, оқу мәртебесін, балалар мен жастардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту саналады. Әсіресе оның ішінде көркем шығармаларды оқуды насихаттау, жас ұрпақ бойынша жоғары азаматтық және рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру негізгі мәселелердің бірі. Олай дейтініміз, көбіне кітапханашылардың тарапынан кітап оқумен бірге кітапты қалай күтіп ұстау керектігі жөнінде көп кеңестер беріліп тұрды. Сондай-ақ оқырмандарға ата-ананың баласымен бірге кітап оқып, қоғамға оң ықпалын тигізіп отыруы тиіс деп санайды. Бірақ кітап оқығанда да кітапты оқудың элементтерімен де таныс болуы керек екендігін айтады.  

Осы орайда, оқу мәдениетін қалыптастыру үшін мектеп пен жеке кітапханалар жанынан «Отбасылық оқу орталығы» құрылды. Мәселен, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазіргі уақытта 600-ге жуық отбасымен кітап оқитын отбасылар тіркелген. Оқырмандарды қызықтыру үшін кітапханада түрлі шаралар мен сағаттар өткізіліп тұрады. Ондағы мақсат – отбасымен бірге кітап оқитын оқырмандарды кітапханаға тартып, кітап оқуды насихаттау саналады. Сондықтан да еліміздің барлық өңірінде мемлекет басшысының тапсырмасымен бұл жұмыс кең ауқымда, әр өңірде жалғасын тауып келеді.

Тегтер: