Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:10

Қытай АҚШ-тың 25% баж салығына жауап беруге дайын

Қытай
Фото: zhasalash.kz

Қытай Сыртқы істер министрлігі АҚШ енгізуі мүмкін 25 пайыздық баж салығына байланысты өз мүддесін қорғауға әзір екенін хабарлады.

Ведомствоның ресми өкілі Мао Нин «тарифтік соғыста жеңімпаз болмайды» деп атап өтіп, Қытай өз заңды құқықтары мен мүдделерін батыл қорғайтынын айтты.

Бұл мәлімдеме Дональд Трамптың Иранмен жұмыс істейтін барлық елге 25% тариф енгізу шешімінен кейін жасалды.

Шектеулер Ирандағы жаппай наразылықтардан соң жарияланды, ал Тегеран бұл тәртіпсіздіктерге АҚШ пен Израильді кінәлап жатыр.