Қытай Ай топырағынан кірпіш құйып, сол жерде база салады
Қытай Айда алғашқы базаны салу бойынша зерттеу жасап жатыр. 15 қарашада Тяньгун ғарыш стансасының бортында Ай топырағынан құрылыс материалдарын шығару мүмкіндігін сынау үшін экспериментке кірісті.
Бұл туралы Phys.org ғылыми журналы жазды.
Ухань провинциясындағы Хуажун университетінің ғалымдары әзірлеген кірпіш зымырандар арқылы орбитаға жіберіледі.
«Құрылыс материалдарын ғарышқа ұшырып, сол жерде қалдыруды жоспарлап отырмыз. Осылайша, біз материалдың беріктігі мен қасиеттерінің экстремалды жағдайларда қаншалықты нашарлайтынын тексереміз», - дейді Хуажун университетінің профессоры Чжоу Чен.
Айдың қоршаған ортасы өте қолайсыз. Оның бетіндегі температура Цельсий бойынша +180 градустан -190 градусқа дейін өзгереді. Ал атмосфераның болмауына байланысты ғарыштағы радиация мен микрометеориттерден қорғалмайды. Сонымен қатар, ай сілкінісі де салыгғаг ғимараттарды құлатуы мүмкін.
Кірпіш өндірісі Чанъэ-5 миссиясы әкелген ай топырағының үлгілерін талдау негізінде жүзеге асырылды. Алынған қара кірпіш қарапайым топырақтан жасалған кірпіштен үш есе берік болып шықты. Сонымен қатар, оларды бір-біріне байланыстыратын материалдарды пайдалану қажет емес.
Болашақ құрылыс үшін ғалымдар «Ай өрмекші» атты 3D принтер-роботты да жасап шығарды. Робот Айдың өзінде топырақты пайдаланып құрылыстар сала алады.
«Болашақта біз Жерден құрылыс материалдарын тасымалдау қажеттілігін жою үшін Айдың өзінде кірпіш құюды па жоспарлап отырмыз», - дейді Чжоу.
Эксперимент үш жылға созылады және жыл сайын үлгілер талдау үшін Жерге жіберіледі. Айдың топырағын пайдалану құрылыс процесін айтарлықтай арзандатып қана қоймайды, сонымен қатар Жердің табиғи спутнигіне жүктерді жеткізуге байланысты көптеген қиындықтарды жеңуге мүмкіндік береді.
Қытай халықаралық Айды зерттеу стансасы жобасы аясында бірқатар елдермен белсенді ынтымақтастықтың танытады. БАҚ-тың хабарлауынша, жобаға серіктес ретінде Ресей, Таиланд, Венесуэла және Пәкістан, сондай-ақ 40-қа жуық шетелдік ұйым қосылған. Біздің ел де Қытаймен бірігіп Айда станция салу жобасына қосылған. Тамыз айында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министірлігі Қазақстанның Қытаймен бірігіп Айда станция салатынын хабарлаған болатын.
Сондай-ақ АҚШ 2026 жылы Айға адам жіберіп, сол жерде база құруды жоспарлап отыр. Еуропалық ғарыш агенттігі де Lego конструкторының принципі бойынша құрылыс блоктарын жасау бойынша зерттеулер жүргізеді. Орталық Флорида университетінің ғалымдары 3D басып шығару технологиясы арқылы құрылыс кірпіштерін жасап жатыр.