Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:15

Қытай билігі Әлімнұр Тұрғанбайдың ұсталғанын растады

Әлімнұр Тұрғанбай
Фото: Жас коллаж

Қытай билігі шілденің соңында хабарсыз кеткен Әлімнұр Тұрғанбайдың ұсталғанын растады.


Ресми жауапта Қытай тарапы Әлімнұр Тұрғанбайдың әлі де ҚХР азаматы екенін, елде қос азаматтыққа жол берілмейтінін мәлімдеген. Қазақстанның Қытайдағы консулдығы таратқан ақпаратқа сәйкес, 2025 жылдың 11 тамызында Қытай қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің халықаралық ынтымақтастық басқармасы оны Қытай азаматтығынан шығуға рұқсат алмаған және автоматты түрде азаматтықтан айырылу шарттарына сай келмейтін деп таныған.

Әлімнұр Тұрғанбай
Фото: Әлімнұр Тұрғанбайдың жеке архиві


48 жастағы Әлімнұр Тұрғанбай Қытайдан Қазақстанға қоныс аударған. 23 шілдеде ол жүк көлігін айдап шекарадан өткен кезде Қытай шекарасында полиция ұстағаны туралы серіктері оның жұбайына хабарлаған. Сол күннен бері туыстары одан хабар ала алмай келген.

Еске салайық, әйелі Гүлдәрия Шеризат бала-шағасымен әкімдік алдына барып, әкімнің шығуын талап етіп, күйеуін тауып беруге көмектесулерін сұраған. Бірақ сот оның бұл әрекетін 488-бап, 7-бөлік бойынша кінәлі деп таныған, айыппұл салған.