Қытай платформалары жеңіл өнеркәсіпті аяғынан шалып отыр

Елімізде жеңіл өнеркәсіп 20-дан астам кіші саланы қамтиды, олар үш негізгі топқа біріктірілген: тоқыма өнеркәсібі 55%, тігін өндірісі 37%, былғары және оған қатысты бұйымдар өндірісі 8% құрайды.
2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жеңіл өнеркәсіпте 1400 кәсіпорын жұмыс істейді, онда кәсіпорындардың негізгі үлесін 58% (818) тігін кәсіпорындары, 33% (463) тоқыма бұйымдарын шығаратын кәсіпорындар, 9% (119) тері және ілеспе бұйымдарды шығаратын кәсіпорындар алады. Саланың 97%-ы (немесе 1362) шағын бизнес.
Жалпы алғанда, саланың біздің ел экономикасына әсері экономиканың басқа салаларына қарағанда азырақ. Өңдеу өнеркәсібіндегі жеңіл өнеркәсіп үлесі 2023 жылдың қорытындысы бойынша 0,97% құрады.
2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында жеңіл өнеркәсіп өнімінің көлемі 52,7 млрд теңге.
Тігін өнеркәсібін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасында мақта-тоқыма кластерін құру бойынша жол картасы бекітілді.
Саланы дамыту мақсатында жеңіл өнеркәсіп саласының нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру, шикізат базасын және шикізатты қайта өңдеуді дамыту, мемлекеттік қолдау шаралары, саланы кадрлармен қамтамасыз ету, жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау және қадағалау, отандық өндірушілердің әлеуетін арттыру, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін экспорттау мен әлемдік тәжірибені тартуға бағытталған шараларды қамтитын жеңіл өнеркәсіпті дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған жол картасы бекітілді.
Жеңіл өнеркәсіп тауарларын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде 2 жыл мерзімге ұлттық режимнен алып тастау белгіленді.
Қазақстанда отандық өнеркәсіп және қазақстандық тауарлардың имиджін нығайту мен танымал етуге бағытталған «Отандық Өндіріс» медиа жобасын іске қосты. Алғашқы медиа-тур Алматыда2023 жылы 21 қыркүйекте өтті.
Осындай үлкен мемлекеттік жоспармен жүзеге асырылып жатқан іске қазір интернет платформалар кері әсер етіп отыр.
Электрондық коммерция тек әлемде ғана емес, Қазақстанда да ең танымал сауда түрлерінің бірі болып қалыптасты. Интернет арқылы тауарға немесе қызметке тапсырыс бермейтін адамдарды табу мүмкін емес шығар. Елдегі электронды коммерцияның негізі – маркетплейстер.
Олардың көпшілігі қазақстандықтарға қолжетімді, ал ең танымалдары бір компанияның екі қытайлық электрон сауда платформасы – Temu және Pinduoduo. Бұл базарлардың танымалдылығы олардың баға саясатына, сондай-ақ белсенді маркетингтік науқандарға байланысты.

Фото: ашық дереккөз
Шындығында бұл қарапайым дүние боп көрінгенмен, ел экономикасына үлкен нұқсан келтіріп отыр
Біріншіден, тіркеу жоқ кезде ел бюджетіне ешқандай төлем жасамайды – кеден немесе басқа баж, салықтары туралы айтудың өзі артық. Бұл, ең алдымен, мемлекеттің экономикалық тұтастығына нұқсан келтіреді, сонымен қатар, заң бойынша жұмыс істеп, баж, салық төлеп отырған шағын және орта бизнеске кері әсер етеді.
Екіншіден, компания жергілікті жерде тіркелмеген соң, тұтынушылар қорғалмайды. Себебі, оларға ешкім талап қоймайды.
Енді жергілікті кәсіпкерлерді туралы айта кетейік, QazTech технологиялық компаниялар альянсы ұйымдастырған дөңгелек үстелде Қазақстандағы шағын және орта бизнес өкілдері ірі сыртқы сауда алаңдарының қазақстандық нарыққа кеңеюіне қатысты алаңдаушылық білдірген.
Жалпы, мұндай мәселе тек елімізде ғана емес, басқа мемлекеттер де бар. Мысалы, өткен жылдың қазан айында Индонезия үкіметі Temu қолданбаларын дүкендерден алып тастауды бұйырды. Бұл шара шағын бизнесті қорғауға арналған. Жақында Вьетнам да тыйым салу нәтижесінде оларға ел аумағында бизнес жүргізуге рұқсат берілмеді, деп хабарлады The Guardian.
Cube аналитикалық фирмасының негізін қалаушы Саймон Торрингтің айтуынша, Қытайдан арзанырақ тауарлардың келуі, көбінесе ең аз импорттық салық төлейтін жергілікті бөлшек саудагерлер мен өндірушілерге зиянын тигізді.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, өткен жылдары Тайландтың барлық салаларындағы 2000-ға жуық зауыт жабылды. 50 мыңнан астам адам жұмыссыз қалды. Бұл ішінара Қытайдан бәсекелестіктің күшеюіне және шығындардың өсуіне байланысты.
Темудың қытайлық баламасы Pinduoduo 2015 жылдан бері жұмыс істейді, ал жаһандық платформа 2022 жылы АҚШ-та іске қосылды және келесі жылы еуропалық нарықтарға шықты. Тему 2023 жылы Филиппин мен Малайзиядан бастап, кейінгі жылдары Тайланд, Бруней және Вьетнамға дейін кеңейіп, Оңтүстік-Шығыс Азияны да «жаулады».
Тұтынушылар арзан тауарларға қол жеткізуді ұлғайтқанымен, жергілікті бизнес өз үкіметтерінен салық төлейтін отандық бизнесті күшейтіп, қорғауды қалайды.
Индонезия 2023 жылы салықтарды көтеріп, әлеуметтік медиа платформаларында электрондық коммерцияға тыйым салып, TikTok дүкенін бизнесте қалу үшін күресіп жатқан жергілікті бәсекелесті сатып алуға мәжбүрлеген ең қатал ұстанымды ұстанды.
Нәтижесінде біз қытайлық экспансияның Азия елдеріндегі жергілікті бизнесті қалай өлтіріп жатқанын көріп отырмыз. Бұл тек сауда саласында ғана емес, жалпы экономиканың көптеген салаларында, соның ішінде өнеркәсіпте солай десек артық айтқандық емес.
Соңғы жылдары, әсіресе 2015-2020 жылдардағы теңге девальвациясынан кейін Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі арзан жұмыс күшінің арқасында бәсекеге қабілетті бола бастады. Өнеркәсіпке мемлекет ақшасы келіп, инвестициялық жобалар санының артуына әкелді. Соңғы 10-15 жылда нарықта экспортқа бағытталған жаңа брендтер мен компаниялар (әлі де аз) пайда болды.

kr-asia.com
Енді олардың аяғынан шалатын арзан тауар, сапасыз импорт, яғни, интернет платформалардан қорғау керек
2020 жылдың тамыз айындағы есебінде QazTrade Сауда саясатын дамыту орталығының сарапшылары салалық мәселелер тізімінде контрафактілік тауарлардың үлесі жоғары екенін атап өтті: «Өнімдердің 90%-ға жуығы елге сәйкес келетін сертификатсыз, ешқандай салық төлемей келеді, бұл олардың өзіндік құнын төмендетеді». Электрондық коммерция – жеке тұлғалардың шетелдік интернет-дүкендер арқылы киім-кешек импорты – кедендік кедергілерді айналып өту үшін қосымша мүмкіндіктер жасайды.
Өндірушілер отандық маталар мен аксессуарлардың тапшылығына үнемі шағымданады: логистикалық шығындар мен импорттық баж салығы олардың өндірісінің өзіндік құнын арттырады.
Алдағы жылдарда Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің дамуына осы факторлар әсер етеді. Сондай-ақ, қазіргі Қытай платформаларының жұмысын шектеу арқылы жеңіл өнеркәсіптің басты бәсекелесіне төтеп беру мүмкіндігін туғызу керек.