Бүгін, 17:03
Қытайдың Ресейден мұнай сатып алу шығыны 10,8 млрд долларға азайды
Қытай Бас кеден басқармасының дерегінше, 2025 жылдың алғашқы 10 айында Ресей 83,1 млн тонна мұнай жеткізген. Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8%-ға аз.
Ақша мөлшері бойынша импорт айтарлықтай қысқарған: Қытай ресейлік мұнайға 42,06 млрд доллар жұмсаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,8 млрд долларға (20,4%) төмен. Қазан айында да импорт көлемі төмендеді: Қытай 9,1 млн тонна мұнай сатып алып, 4,37 млрд доллар төлеген. Бұл 2024 жылдың қазанына қарағанда көлемі бойынша 7%, құны бойынша 17%-ға аз.
Соған қарамастан, Ресей Қытайдың негізгі мұнай жеткізушілерінің бірі болып қала береді — соңғы жылдары импорт көлемі 100 млн тоннадан жоғары деңгейде сақталып отыр.