Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:41

Қытайлық BYD компаниясы электр көліктерін өндіру бойынша Tesla-дан басып озды

Маск интернет
Фото: из открытых источников

АҚШ компаниясы Tesla әлемдегі ең көп сатылған электр көліктерін өндіруші атағынан айырылды.

Бұл туралы Sky News хабарлады.

Tesla-ның бас директоры Илон Масктің саяси әрекеттері мен шетелдік бәсекелестіктің күшеюі салдарынан сату көлемі екінші жыл қатарынан төмендеді. Компания өткен жылы 1,64 миллион көлік жеткізгенін хабарлады, бұл бір жыл бұрынғыдан 9% аз.

Ал қытайлық бәсекелесі BYD 2025 жылы 2,26 миллион көлік сатқан және қазір әлемдегі ең ірі электр көліктерін өндіруші болып отыр.

Tesla үшінші тоқсанда 418 227 көлік сатқан, бұл FactSet сарапшыларының күткен 440 000 көрсеткішінен төмен болды. Сатылымның төмендеуіне АҚШ-тағы 7 500 доллорлық салықтық жеңілдік бағдарламасының аяқталуы да әсер еткені айтылды.

Соған қарамастан, Tesla акциялары 2025 жылды шамамен 11% өсіммен аяқтады. Инвесторлар Масктің роботакси қызметтері мен үй мен кеңседе негізгі тапсырмаларды орындай алатын гуманоид роботтарды тұтынушыларға енгізу жоспарларын жүзеге асыра алатынына үміттенуде.

Сату көлемін арттыру үшін Tesla 2025 жылдың қазан айында жаңа, арзандаған Model Y және Model 3 нұсқаларын ұсынды. Жаңа Model Y бағасы шамамен $40 000 болса, арзан Model 3 $37 000-нан төмен бағада сатылуда. Бұл жаңалықтар компанияның Еуропа мен Азиядағы қытайлық модельдермен бәсекелесуіне бағытталған.

FactSet сарапшылары төртінші тоқсанның нәтижесінде сатылым 3%-ға төмендеп, бір акцияға түсетін пайда шамамен 40%-ға азаятынын болжап отыр. Алайда олардың пікірінше, 2026 жылы бұл төмендеу тенденциясы қайта өзгере бастайды.