Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:15, 30 Сәуір 2025

Қытайлық инвесторлар Каспийде мұнай іздеуге кіріседі

Қытайлық инвесторлар
Фото: zhasalash.kz

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қытайдың ірі мұнай корпорациясы — China National Offshore Oil Corporation International Limited (CNOOC) компаниясымен Атырау облысындағы Жылыой учаскесінде геологиялық барлау жобасын жүзеге асыру шарттары бойынша келісімге келді.

КМГ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар келісімді Астанадағы кездесу барысында бекіткен. Екі компания жобаны қаржыландыру және бірлескен қызмет бойынша келісімдерге қол қойды.

Жоба Атырау облысындағы Жылыой аталатын учаскеде іске асырылады. Аумағы шамамен 960 шаршы шақырымды құрайтын бұл аймақ Каспий теңізінің солтүстік-шығысындағы өтпелі зонада орналасқан. Айта кетейік, Жылыой жобасы бойынша бірлескен кәсіпорын 2024 жылдың қазан айында құрылған болатын.

КМГ мәліметінше, бұл — CNOOC компаниясының Қазақстанға алғашқы инвестициялық қадамы, және ол дәл осы геологиялық барлау жобасынан басталып отыр.

Жоба бойынша тараптар жұмысты «50 де 50» қағидаты бойынша жүргізеді. Дегенмен барлау жұмыстарына жұмсалатын негізгі шығындарды қытай тарапы өз мойнына алады. Жобалық кезеңде Жылыойда сейсмобарлау жүргізіліп, екі шақырым тереңдікте бір надтұзды барлау ұңғымасы, ал алынған нәтижелерге қарай төрт жарым шақырым тереңдікте бір подсолевой ұңғыма бұрғыланады деп жоспарланған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Катар инвесторлары да Қазақстанның оңтүстігінде ауқымды жобаны жүзеге асыруға шешім қабылдаған еді.

Тегтер: