Қызылағаш су қоймасындағы бөгет бұрынғы тасқыннан кейін жөнделмеген
ҚР Жоғары аудиторлық палата Жетісу облысындағы Қызылағаш өзенінің су қоймасы бөгетінде қажетті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін мәлімдеді.
Палата мәліметінше, бұрын су тасқыны салдарынан бүлінген бөгеттің бір бөлігі жөнделмеген.
Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасын орындау шеңберінде Жетісу облысындағы Қызылағаш өзенінің су қоймасы бөгетінде қажетті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Өткен жылғы жазда «Қазсушар» РМК қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді. Аудит барысында жұмыс жобаларында бұрын су тасқынынан бүлінген апаттық су ағызу құрылысының бетон жабындарын (бөгеттің бір бөлігі) жөндеу көзделмегені анықталды. Ал ескі бетонның кейбір жерлерінен су өтіп жатыр, бұл оның одан әрі бұзылуына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты кәсіпорынға тиісті шаралар қабылдау тапсырылды, делінген хабарламада.
Нәтижесінде биыл маусым айында су ағызу құрылысы тексеріліп, зақымдалған жерлерде қажетті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгені айтылады.
Айта кетейік, 2010 жылы 11 наурыздан 12 наурызға қараған түні Қызылағаш су қоймасындағы бөгеттің бұзылуынан Қызылағаш ауылын су басты. Ресми мәлімет бойынша, 37 адамның ғана қаза болғаны айтылды. Wikipedia шамамен 150 адам ізім-қайым жоғалғанын жазады.
Қызылағаш ауылында шамамен 3,5 мыңға жуық адам тұрған.