Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:23, 07 Қараша 2024

Қызылордада 21 миллион теңге жымқырған директор мен бас есепшіге үкім шықты

1
Фото: Caravan.kz

Қызылордада Олимпиадалық резерв балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры мен бас есепшісіне қатысты үкім шықты.  

Қылмыстық іс № 2 қалалық сотта қаралды. Олимпиадалық резерв балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры М. және осы мектептің бас есепшісі О-ға қатысты үкім оқылды.

«Айыпталушы М., өзінің қызмет бабын пайдаланып, бас есепшінің көмегімен 2018-2023 жылдар аралығында оның есеп шотына бюджет қаражатын заңсыз аударып, мемлекетке ірі көлемде залал келтірген. Сотталушы О. мектеп директорына бюджет қаражатын жеке мақсатта пайдалануға көмектесіп, сонымен қатар 2019-2023 жылдары бюджет қаражатын оның есеп шотына заңсыз аударып, өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Сотталушылардың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан мемлекетке 21,7 миллион теңгеден астам шығын келген», - делінген хабарламада.

Сотта айыпталушылар өздеріне тағылған айыпты мойындап, шығынды толық өтеп берді.

Сот айыпталушыларды кінәлі деп тауып М – белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жылға дейін бас бостандығынан айыр жазасын,О – белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталушы О.-ға қатысты үкімді орындау бес жылға,  баласы 14 жасқа толғанға дейін кейінге қалдырылды.

Соттың үкімі заңды күшіне енді.