Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:05

Қызылордада Президенттің қатысуымен V Ұлттық құрылтай басталды

Тоқаев
Фото: Фото: Ақорда

Қызылорда қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен V Ұлттық құрылтайдың екінші күні өтіп жатыр.

Екі күнге жоспарланған форумның алғашқы күні төрт панельдік секция форматында ұйымдастырылды. Онда қатысушылар әлеуметтік-мәдени даму, ғылым мен білім беру, сондай-ақ ел дамуының өзге де маңызды бағыттары бойынша пікір алмасты.

Бүгін Ұлттық құрылтай аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлейді. Президент өз баяндамасында Қазақстанның алдағы дамуындағы негізгі басым бағыттарды айқындайды.