Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:52, 23 Шілде 2024

Қызылордалық әйел күйеуінің қолынан қаза тапты

1
Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысында жантүршігерлік қылмыс орын алды. Ер азамат 21 жастағы әйелін ұрып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Тәртіп сақшыларының жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Күйеуінің қолынан қаза тапқан әйелдің денесі 21 шілде күні таңертеңгі уақытта өзінің үйінен табылған. Қылмыстық оқиға Шиелі ауданына қарасты ауылдардың бірінде орын алған. Ерлі - зайыптылар жанжалдасып, күйеуі әйелін өлімші етіп сабаған. Жарының қайтыс болғанын байқаған ол ізін суытпақ болған. Алайда, тергеу амалдары нәтижесінде қолға түсіп, қамауға алынды. Қазіргі күні тиісті сараптамалар тағайындалды.

"Аталмыш жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шараларына байланысты басқа ақпарат жариялануға жатпайды", - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тегтер: