Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:41

Қызметкерлерін балағаттап, ұрысқан Асан Үмбетов жаңа қызметке тағайындалды

Асан Үмбетов
Фото: ашық дереккөз

Асан Үмбетов «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің жаңа бас директоры болып тағайындалды.

2023 жылдың қыркүйегінен бері ол осы компанияда локомотив шаруашылығы жөніндегі бас директордың орынбасары қызметін атқарып келген. Дәл осы қызметте жүрген кезінде Үмбетов елге кеңінен танылған еді.

 

Еске салайық, биыл шілде айының соңында әлеуметтік желіде теміржолшылардың жиналысынан видео тараған болатын. Кадрда Үмбетов бағыныштыларын ашық сынап, тіпті балағат сөздер айтқаны үшін сынға қалған. Дегенмен, ҚТЖ басшылығы оны қорғаштап, «қаталдық — жұмыс тәртібін нығайту үшін қажет» деп мәлімдеген. Осылайша, Үмбетов желі жұлдызына айналған еді. 

Тегтер: