Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:42, 09 Ақпан 2023

Кланның көздегені – Мәжіліс

None
None

«Қазақстанда өзін «тәуелсіз журналистер», «демократтар», «қоғам белсенділері» және «тоталитарлық режиммен күресушілер» деп жүргендердің бәрінің сырт көзге өзара алыс-берісі жоқ сияқты көрінгенімен, бәрін біріктіретін бір нәрсе бар.

Олардың бәрі – Назарбаев кланына тікелей бағынады. Назарбаевтың ортаншы қызы Динара мен оның күйеуі Тимур Құлыбаев арқылы» дейді сарапшы Ибраш Нүсіпбаев.

Сенсеңіз де, сенбесеңіз де – осы. Өйткені Жаңа Қазақстанның алғашқы құрбаны «тәуелсіз» журналист Михаил Козачков болғанын білеміз. Козачков деген кім еді? Ол – «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның капиталды басқару департаментінің директоры Евгения Валерьевна Шаймерден деген кісінің інісі. Шаймерден Тимур Құлыбаевқа толық бағынатын адам. Ендеше, әлгі Михаил Козачковтың небір «сенсациялық» және «сұмдық ақпараттарды» Тимур Құлыбаевтың кеңсесінен алып келгенін аңғару аса қиын емес. Айтпақшы, Михаил Козачков қызмет сапасындағы кейбір жекелеген фактілерге шүйлігіп, ара-тұра Kaspi bank-ті сынайтын, бірақ өмірі ешқашан Тимур Құлыбаевтың Halyk bank деген банкіне тиіспеген. Ал шындығында қызмет көрсету сапасы жағынан да, экономикалық «шикіліктері» жағынан да «Halyk bank» еліміздегі ең нашар банктердің бірі болатын.

– Қоғам белсендісі болып жүрген Мұхтар Тайжан «Halyk bank-тың төрағасы және Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың жақтасы, жақыны, былайша айтқанда, сыбайласы Үміт Шаяхметованың інісі.

Динара Егеубаева деген Айдар Егеубаевтың қарындасы. Айдар Егеубаев өз кезегінде Тимур Құлыбаевтың «ҚазМұнайГаз» компаниясына еншілес «KazPetroDrilling» АҚ-ның құқық жөніндегі вице-президенті. Сонымен қатар Егеубаевтың есімі Тимур мен Динара Құлыбаеваларға тиесілі «Алмэкс» Холдинг Тобы» АҚ-ға қатысы бар тұлғалар тізімінде жүр. Ол аздай, Айдар Егеубаев «Воронов и партнёры» деген заң компаниясының тең құрылтайшысы, ал Виталий Воронов дегеніміз Евгений Жовтиспен бірге «Transparency Kazakhstan» қоғамдық қорының құрылтайшылары. Әйтпесе, Қазақстанның саяси өміріне ешқашан араласпаған, қызықпаған Айдар Егеубаевтың күтпеген жерден Transparency Kazakhstan қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып сайланып алғанын қалайша түсіндіреміз? Осылайша, сөздің ашығына келсек, Тимур Құлыбаев қазір тек «тәуелсіз журналистер» мен тоталитарлық режиммен күресіп жүргендерді ғана емес, елдегі «құқық қорғау ұйымдарын» да толық өз бақылауында ұстап отыр. Соның көмегімен Назарбаев кланы енді мәжіліс арқылы билікті өзіне қайтаруға бар күшін салуға кірісті. Ол үшін мәжіліске кемінде 51 пайыз үлеспен «назарбаевшыл» депутаттар өтіп алуы керек. Осы мақсатына жету үшін Назарбаев кланы бұрын құрылған партиялармен тығыз жұмыс ұйымдастырып, тағы бірнеше «бағынышты» партияларды құрып алды. Сонымен қатар бір мандатты округтер арқылы мәжіліске өтуге тырысатын тұлғаларды іріктеп қойды.

Өкінішке қарай, әгәрәки, Назарбаев кланының жоспары жүзеге сәтті асырылса, онда біз биыл «Назарбаевтың кланының мәжілісін» көруіміз мүмкін. Ондай мәжіліс – Қазақстанды қайтадан толықтай кланның қолына өткізіп жіберуден тайынбайды, – дейді сарапшы.

Тегтер: