Клара Жұмабайқызы: Әбіш туған жерінен кейін Алматыны жақсы көрді

Алматы қаласында Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, биылтуғанына 80 жыл толатын қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі Әбіш Кекілбаевтыңатына көше берілді.
Бұрынғы Каблуков көшесі енді – Әбіш Кекілбаев атында.
Көшенің аты берілген салтанатты жиында жазушы жары Клара Жұмабайқызы: «ӘбішАлматыны ерекше жақсы көрді. Туған жерінен кейінгі сүйікті мекені болды. Мен Әбіштіңмерейтойының Алатау етегінен басталғанын қалаған себебім, оның үлкен өміргежасаған алғашқы сәтті қадамдары осы жерде басталды. Үлкен шығармаларын осыАлматыда жазды. Осы қаладан дос тапты. Атақ алды. Қызмет етті. Отбасын құрды,бала сүйді. Осы қаланың басшылығына, ескеріп ұмытпай жүрген халқына рахметайтамын», — деді.
Академик Серік Қирабаев: «Әбіш жазушылығымен ғана емес, тұлғалық жағынан даалыптардың қатарына кірді. Ол жан-жақты қызмет етті. Жазушыны тану үшін туғанжерін көру керек дейтін сөз бар. Әбіштің кім екенін білу үшін Маңғыстаудыаралау керек. Мен Маңғыстауды, Үстіртті аралаған тұста көрдім. Теңіздің орнындақалған ғажайып суреттер, қайрандар мен жоталардың барлығы Әбішті көрсетіптұрғандай көрінеді маған. Оның шығармашылық өмірі ұзақ болады деп сенемін», — депжылы лебізін білдірді.
Көшенің салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі Бақытжан Сағынтаев бастағанмемлекеттік қызметкерлер мен зиялы қауым қатысты.