16:38, 17 Маусым 2024
Қоғам белсендісі Арман Шораев әйелін ұрды деген күдікке ілінді
Астанада қоғам белсендісі Арман Шораев әйелін соққыға жықты деген күдікке ілінді.
«Денсаулыққа зақым келтіру фактісі бойынша М. А.Ш. серіктесіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жай анықталуда», - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін журналист Михаил Козачков ер адамның көшеде әйел адамды ұрып жатқаны түсірілген видео жариялаған болатын. Ол бейнежазбадағы адамның Арман Шораев екенін айтады.
Ал, Шораевтың өзі Facebook желісінде «жасанды интеллекттің құрбаны болғанын» және журналист Козачковқа қарсы арыз түсіретінін мәлімдеді.
Оқи отырыңыз