Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:50, 10 Желтоқсан 2020

«Көкбөрі» деп күңіренбеңіз!

None
None

Ұлытау маңына  түз тағысының ескерткіші орнатылды

Бірегейі белгі  Ұлытауға 35 шақырым жетпей, көлік жолы бойындағы жолаушылар тыныстайтын аумаққа орнатылды. Бұл маңда  халықаралық экотуризмнің ошағы ретінде тұрғызылған «Күмісбұлақ» кешені орын тепкен. Көкбөрінің сұсты кескініне жақындаған жолаушы  азулы  арланға жан бітіп, алқымнан алып айбар шегетіндей әсер қалдырады. Тұрпаты келісті ескерткіш демеушілердің қаржысына тұрғызылған. Түз тағысы мүсінінің  биіктігі-9,70 метр, салмағы-5 тонна,   ішкі құрылымы  темірден құйылған. Оның қалыбы Арқаның қақтақ аязы мен аптап ыстығына дес береді. Мүсіншінің айтуынша, 60 градус суық пен ыстыққа төзімді.

— Осыдан 1 жыл бұрын  мүсіннің  эскизін жасап, ҚР мәдениет және спорт министрлігінен авторлық құқық куәлігін  алдым.  Бірақ белгілі себептермен оны жұртқа көрсетудің орайы келмеді.  «Сабақты ине сәтімен» демекші, бірегей  идеяны  Ұлытаулық кәсіпкерлердің қолдауымен және аудан әкімінің құптауымен іске асырдым-дейді туындының  авторы, Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі Амантай Меңдіғалиев.

         «Ұлытау көкбөрісі» атауын иеленген ескерткіш-әзірге әлемдегі осындай сипаттағы алып белгі. Сондықтан аудан басшылары мүсінді Гиннестің рекорттар кітабына енгізуді көздеп отыр.

Ата-тегін қасқыр деп санаған Түркілер қасқырды  ерен ерліктің символына балаған.  Қырғыздар мен Түркімендер көкбөріні ұрпақ таратушы ана ретінде көреді.  Осынау ырымның жаны бар секілді.   Ұлытау- үрім-бұтағы көп отбасылардың  ошағы.  Анатолы түріктері батыр адамды «бөрі тектес» деп атаған.  Жергілікте жұрттың айтуынша, бертінге дейін  Ұлытауда  бөрілер үйірімен мекен еткен көрінеді.  Қасқырлардың қалың тобырын  Ұлытау ұландары  қасқайып тұрып, қынадай қырып тастаған.  Тұқымы әлі де біржола құрыған жоқ, оқта-текте көлбеңдеп көрінеді. Көкейге түйетін тағы бір ақпарат,  рухы өр өлкеде  Әмір-Темір бастаған бөрі батырлардың ізі бар.

Тегтер: