Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:35, 07 Қазан 2023

Көкшетау — Петропавл тас жолы ақылы болады

5
Фото: из открытых источников
 

16 қазаннан бастап жүк көлігі мен автобус жүргізушілері ақша төлейді.

Көлік министрінің «Республикалық маңызы бар Көкшетау— Петропавл автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы» бұйрығы 5 қазанда жарияланды, ол 16 қазан күні күшіне енеді. Жол ақысы онлайн төленеді. Трассада шлагбаум болмайды.

Аталған бөліктен бір бағытта (169 км) жүріп өткен көліктен сұралатын ақша көлемі:

  • орын саны 16-дан аспайтын автобустар және 2.5 тоннаға дейін жүк көтеретін көліктер — 0.0811 АЕК (279.795 теңге);
  • орын саны 32-ден аспайтын автобустар және 5.5 тоннаға дейін жүк көтеретін көліктер — 0.1623 АЕК (559.935 теңге);
  • орын саны 32-ден көп автобустар және 10 тоннаға дейін жүк көтеретін көліктер — 0.244 АЕК (841.8 теңге);
  • 10 тоннадан 15 тоннаға дейін жүк көтеретін көліктер — 0.3252 АЕК (1 121.94 теңге);
  • тіркемесі бар жүк көліктері мен ершікті тартқыштарды қоса алғанда, 15 тоннадан ауыр жүк көтеретін машиналар — 0.406 АЕК (1 400.7 теңге).

Іргелес ауылдарда тұратын азаматтар бағасы 1-5 АЕК (2023 жылы 3450-17250 теңге) шамасында болатын айлық абонемент немесе 12-60 АЕК (41 400-207 000 теңге) тұратын жылдық абонемент сатып алса болады.

Тегтер: