Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:10, 24 Ақпан 2026

Көкшетауда ер адам бүйрегін сатпақ болғаны үшін ұсталды

1
Фото: ашық дереккөз

Ақмола облысында адам ағзасын заңсыз сатуға әрекет жасау фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр.

Өңірлік полиция департаментінің хабарлауынша, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының (ҰҚКБ) қызметкерлері бүйректі 25 мың АҚШ долларына сатпақ болған әрекеттің жолын кескен.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Алматы облысының тұрғыны әлеуметтік желілерде өзінің бүйрегін сататыны туралы хабарландыру жариялаған. Осыдан кейін ҰҚКБ жедел қызметкерлері арнайы іс-шаралар кешенін өткізіп, күдіктіні Көкшетау қаласында ұстаған. Полиция дерегінше, ол ақшаның бір бөлігін алып жатқан сәтінде қолға түскен.

Тергеу барысында күдіктінің мұндай хабарландыруларды бұған дейін де жариялағаны анықталған. Ұстау кезінде полицейлер қолма-қол ақша, ұялы телефон, сондай-ақ медициналық анықтамалар мен талдау нәтижелерін тәркілеген.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, қажетті процессуалдық әрекеттер атқарылуда.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында бір азамат өз бүйрегін 13 миллион теңгеге сатпақ болған еді.

Тегтер: