Көкшетаулық студенттердің қонақ үйдегі өмірі

01.05.2019, 15:15

81

Білім қуыпАқмола облысына келген студенттердің қазіргі басты уайымы тұрақтайтын баспанаіздеу. Министрліктің есебі бойынша қазіргі таңда 2 университет пен 4 колледжде2710 шәкіртке жатақханадан орын жетіспейді. Мәселен, облыстың белді оқу орныКөкшетау мемлекеттік университетіндегі жатақханалар тек 1 және 2 курсстуденттеріне беріледі. Ал жоғарғы курстағы жүзден аса  студент қонақүйді жалдап тұрып жатыр.

«Жатақханаданорын болмағасын, амалсыз қонақ үйде тұрып жатырмыз. Шамамен 120 студент. 15мыңын өзіміз төлейміз. 15 мыңын университет төлейді»,– дейді Сайфулла СУНАТУЛАЕВ.

Сайфулланың досы Оралхан қонақүйден гөрі пәтер жалдаптұруды жөн көрген. Айына 100 мың теңгеге жалдайтын екі бөлмелі баспанада 6шәкірт тұрып жатыр. Қаладағы көп студент осындай үрдіске көшкен.

«Алатыншәкірақымыз 20 мың теңге. Оның барлығы пәтерге кетеді. Үйдегілер салады.Азық-түлікке, жүріп-тұруыңа. Пәтерге әр студент 18 мыңнан шығарамыз. Қиын енді.Жатақханалар салынса жақсы болар еді», – дейді көкшетаулық студент Оралхан ПАРМАНОВ.

Барлық студенттердің шәкіртақы алмайтыны да белгілі.  Негізінен, ақылы жүйеде оқитын студенттерге  әжептәуір салмақ. Бұл мәселенің өзекті екенінтүсінген Білім және Ғылым министрлігі 2022 жылға дейін Ақмола облысы бойынша2328 орынға шақталған 8 жатақхана салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ,министрліктегі қаржы орталығы маманының айтуынша, студенттер үйін салуды немесежөндеуді қолға алған инвесторларга әр студенттің орны үшін жыл сайын қаржыберіліп отырады.

«Әр студенттіңорнына инвесторларға немесе оқу ордасының басшылығына мемлекеттік тапсырыспен жаңа ғимарат салғаны  үшін 122 АЕК, ал ескі ғимаратты қайтажөндеуден өткізгені үшін 47 АЕК тең қаржы төленіп отырады, 8 жыл бойы», –дейді Білімжәне ғылым министрлігі "Қаржы орталығы" АҚ менеджері Ғалымбек ЖАҚСЫМБЕТ.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, Республика бойынша2022 жылға дейін 6854 орынға арналған жатақхана салу жоспарланып отыр. Ол үшін152 млрд теңге бөлінген екен.

Фотолар автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 07:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 06:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 07:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 07:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 07:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 07:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39