Көктем келмеді қонаққа биыл

Созылып кеткен сияқты тәулік,
Тосылып қалған сияқты көктем.Күнімен ауырып, түнімен ауырып,Жүрегім әбден тас болып кеткен.
Бұрынғыдай енді күлмейді өмір,Көздер де қатал, сөздер де қатал.«Қарғыс атқыр!» деп тілдейді мені,Білмейді мені мүлде бұл шаһар!
Жап-жарықкүнде жылу жоқ түйір,Ұғу жоқ және жанды ешқашан!Көктем келмеді қонаққа биыл,Келеді екен құрғыр жаз қашан?
«Lost on you»
Неше рет тыңдадым?… есте жоқ.Осы әнді тыңдаймын кешке кеп:«All I everwanted was you»…Көңілгехошкерек, хошкерек!
Былайғы біраз жұрт сыйламас,Ұнайды осы бір бұйрабас.«Let’s raise a glass or two»…Дүние дәл содан қирамас!
Жас тағы қырықты орталап...Кіреуке тартады сәл қабақ.«After everything I’ve lost on you»...Дәл мендей шерлі емес бар кабак.
Содан соң беріліп сезімге,Ысқырғым келеді өзім де.«When you get older, plainer, saner»...Барлығы өтті ғой кезінде.
… жас емес көзімде!
***
Алматықолсоғыпқарсыалдыажалды:«Ауатазарды! Ауатазарды!».БізұзақкүткенкелдіақырзаманКібісежылыосылайжазалды.
Адамзатбаласытудышақкүткен:Тып-тынышкөше, аула, бақбіткен.ЖалғыздықкөзіндейбақырайғантерезеЖапыраққақарайдыәсіресақтықпен.
Биыләйтеуірбәрідебіртүрлі:Ұлтдейтінұлтымдатыңдайдықыртұлды.Бізұзақкүткенкелдіақырзаман,Бұлүкіметкүтіптағыдатұркімді?
Дулат Ағәділдің қазасына
Сен өлесің ел үшін болып құрбан,Селт етпейді бірі де көріп тұрған.Күні бойы мемлекет өсек соқтыТірі адамын отыз жыл өлік қылған!
Сенөлесің...өлмейді өтірік тек!Кекіріп боп сөйлейді кекілік көп.Жырқ-жырқ етіп желіде жұртым отыр,Осындайда жылайтын өкіріп кеп.
Сен өлесің қор болып қорқауларға,Көр қазады арланға көрғау қарға!Қаннен ғана қаперсіз қазақ осы -Жан салмайтын алдына сор таңдауда.
***
Қажет кезде өп-өтірік надан боп,Бұл қазақты алдамаған адам жоқ.Былш етпейтін өтірікті айтқандаАбыз болып алды бүгін арам көп,Аңыз болып алды бүгін сараң көп.
Өлең айтқан әншісі де алаяқ,Жалпақ жұртты көрген емес сәл аяп.Саясатты айтып сұңқылдайтын боп алдыСайқымазақ та Астанадан сарай ап,Күні кеше жұртта жүрген жалаяқ.
Байғұсхалық баладай ғой, баладай,Шапалақты ұрады кеп аямай.(Күдігі жоқ тіпті титтей, ой Алла-ай!)Өңшең итке қор болғаны есте жоқ,Сорлап өткен ғұмырында аядай!
***
Көретіні кіл мазақ–Әкесі жоқ ұл сияқты бұл қазақ!Жаутаң-жаутаң қарайтұғын сөйлесе,Көк ат мінген әрқайсысы бір қажап.
Арзан бөзге оранып,Әруақтай сақал-шашы ағарып,Оттан да ыстық отанында өзініңҚайыршыдай жүреді ылғи қабарып.
Қағып қойып арқадан,Тиын берсе – жұрттың бәрі мәрт оған.Отаны жоқ опасыздың барлығыАстанада жатыр түсіп шалқадан.
Бір бөлмені жалға алып,Болар-болмас мәпақаны малданып,Тәубе, тәубе деп қояды тағы да,Тәуелсізбін деген сөзге алданып.
Көретіні кіл мазақ –Әкесі жоқ ұл сияқты бұл қазақ!Қажып жүріп, азып жүріп ертеңненЕртегідей күтетұғын бір ғажап.
***
Ұшам десе ұшады,қонам десе қонады-Оған мемлекеттік тілді білмеуге болады!Шатынап шығатын шиқ етер даусы бар,Осы елдің қит етсе қағынған қонағы.
Қағынан жеріген -Өз-өзін ақылды санайды ол бәрінен.Тілімен турайды ол жанымды күн сайынЗорлықшыл империяның уланған зәрімен.
Ана бір көсемдей-Қазақ боп туғаны өзіне тап бір кеселдей,Осы ел үшін жер бола тағы қалады,«Жындысың» десе мәз болатұғын есердей.
Құрт жеп қойғанөзегін-Алағайлы күндер алдыңда әлі, сеземін.Құлын құтыртып, ұлын тұқыртқан отыз жылҚайран да менің өз елім..!
***
Босқа өткендей өмірбұлҚарсыз қыс сынды құлазиды неге көңіл кіл?Қап-қара мыстан кеудені қысқан қаладаҚап-қара ыстан көрінбейді аспан көгілдір.
Бәрі де бекер деумененБарып тұрған азап өзіңді өзің жеу деген.Қап-қара жасқа малынған өлең туадыҚап-қара тасқа айналып кеткен кеудеден.
Өңіңде көрмеген түсіңе кіріп мол ақша,«Е-е» деп қоясың таң атса...Бес жыл бұрын өліп қалғаның есте жоқ,Жандәрмен күбір-күбір етесің арабша:
«Ағузу билләһи мина ш-шайтани р-раджим...»
СильвияПлатпен диалог
— Жол іздеп ем – алдымнан көр көрінді... — Жылы сөз де күтеді өлгеніңді;) — Бүйтіп өлең жазғаны құрып кетсін:-/ — Сен көрмеші тек менің көргенімді.
— Биылғы қыс тым суық, қарлы және. — Ақындардың барлығын арлы деме:( — Жол түспей-ақ қойды бір Примроузға... — Алматыдан көңілің қалды неге:-|
— Өмір сүрер қалған жоқ дым ішімде. — Өз-өзіңе айқайлап: «тірісің!» де))) — Аян берген түсімде түнеу күні... — Бұдан кейін оянба түн ішінде:)
***
менің сұрағаным көп пе еді:неге уақыт өтпеді?неге аквариумдағы балыққа жеткен оттегіхалыққа жетпеді?неге зорлық мәңгілік,неге өрлік өтпелі?неге мені қинайды болашақ,неге оны қинайды өткені?неге, неге терезе өкпелі?қар неге жасқаншақ,бар неге болады адамдар жоқ мені?қараймын бұлттарға көктегі...қарайды жапырақ үзілген от демі,неге сүлесоқ жанардың әттеңісені емес,оны емес,қажайды тап мені?жоқ әлде ар деген дүние,біз байғұс бар деген дүниеәуелден жоқ па еді?
***
Жасандыны жақтырмайтын ұл едім,Жасанды тіс салып алып күлемін,Ең ақыры вазаның да тым нәзікЖасанды гүл келтіріп тұр реңін.
Алаң іздеп жасанды шөп төселген,Доп ойнадық дос емеспен, дос елмен.Сүйкімсізге сүп-сүйкімді түр жасап,Пір жасадық жасандылау көсемнен.
Өлең оқып ең жасанды дауыспен,Мемлекет боп шыға келдік табысты ең.Жынды қылып ең жасампаз ұлыстыӘлемдегі ең жасанды маршпен.
Ұзын кірпік тағып алып жасандыЖасамыстау біраз адам жасарды.Өлтіргендер ең шынайы ақындыМінәйі хал көздеріне жас алды.
Жүргізуші тым жасанды күлкісі(Түр-түсі де қырдың қызыл түлкісі)Жылт-жылт етіп шыққан сайын тереңдепӘжімдердің бара жатыр қыртысы.
Ескерткіштер өлпі-сөлпі қашалғанЖасы келген апам сынды жасанған.Мынау дүние шын қартайтыпбітірдіЖасандылау болған сайын жасарған.
Жас достарға достық ақыл
Чарльз Буковскиден
Тибетке барыңдар.Түйеге мініп қалыңдар.Інжілге көз салыңдар.Аяқ киімді көк түске бояп алыңдар.Сақалды жіберіп,қағаз қайықты сайлаңдар,«Ивнинг Постқа» жазылмай қоймаңдар.Қатын алсаңдар, ақсақ пен тоқсақ ап,Сағызды тек қана сол жақпен шайнаңдар.Тісіңді бензинмен тазалап,Қатынның қолына атың жаз қажалап.Сақалға ең өткір қандауыр ұстайдыАтына заты сай азамат.
Түнімен талдарға өрмелеп,Күнұзақ ұйқыны соғыңдар.Сыра мен жұта бермей бытыра,Момақан монах та болыңдар.Скрипканы судың астында ойнаңдар.Алқызыл майшаммен билеңдер, тойлаңдар.Иттерге қан қасап жасап ап...қалағаӘкім боп сайланып кетуді ойлаңдар.Басың(ды) жар,тасыңдар,Не істесең оны істе,Тек әйтеу өле-е-ң жазып қоймаңдар!
ДәуренБерікқажыұлы