Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:41, 08 Сәуір 2024

Көктемде су басып жатқан БҚО жазда Ресейден су сатып алады

а
Фото: из открытых источников

Қазір Батыс Қазақстан облысына көрші Ресейден келетін су мөлшері қауіп төндіріп, өңірде төтенше жағдай енгізілді. Алайда, жазда керісінше, сол Батыс Қазақстан облысы Ресейден су сатып алу үшін миллиардтаған теңге төлейді.

ProTenge.kz мәліметінше, жыл сайын облыс бюджетінен су сатып алуға 1 миллиард теңгеден 2 миллиард теңгеге дейін қаржы бөлінеді, бірақ көбінесе бұл қаражат жеткіліксіз болып, қосымша сомалар бөлінеді. Мәселен, 2021 жылы салық төлеушілер 147 миллион текше метр су үшін 4,2 миллиард теңге төлеген. Ал 2023 жылы БАҚ 6,5 миллиард теңге деген цифрды келтірді!

Бір қызығы, Батыс Қазақстан облысы су сатып алу үшін жыл сайын қыруар қаржы іздеп жүріп, 2018 жылдан бері құны 1 миллиард теңгеге бағаланған Жалпақтала су қоймасын сала алмай келеді.

Осы су қоймасының арқасында Ресей Федерациясынан келетін су ресурстарына тәуелділік азайтып,  су тасқыны кезеңінде суды жинақтауға болады. Бірақ осы алты жыл ішінде Батыс Қазақстан облысындағы бірде-бір облыс әкміі бұл маңызды нысанды қаржыландыра алмады. Сондықтан көп су кетіп, жазда Батыс Қазақстан облысы Ресей Федерациясынан су сатып алған қайтадан миллиардтар жұмсайды, деп жазады басылым.

Қазір БҚО-дағы 5 ауданда және Орал қаласында тұрғын үйлер мен саяжайларды су басты. Облыс бойынша 7 мыңға жуық адам құтқарылды. Алдыңғы күні Ресей Федерациясының Ирикла су қоймасынан секундына 2 170 текше метр су жіберіліп жатса, кеше 1 670 текше метрге түскен.

Фото:uralskweek.kz

Тегтер: