Көктемгі су тасқыны: Халық үйінде малмен бірге тұрып жатыр

28.03.2019, 17:34

130

Көктемгі су тасқыны биыл да Қарағанды облысына қарасты Атасу станциясының халқын әбігерге салып жатыр. 2019 жылдың 22 наурызында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ облыс әкімдері мен Үкіметке су тасқынына дайындықты күшейтуге тапсырма берген еді. Алайда, әзірге мемлекет басшысының сөзін ешкім елемеген сыңайлы.«Кеше су үйімізге, қора-қопсыққа тақалды. Баспанамыз саманнан жасалған. Қызыл су көбейсе үйдің бұзылуы мүмкін. Жылда осы ғой. Қайдан көмек сұраймыз, кімге барамыз білмеймін? Әкімшілік тарапы өздерің ақша шығарып дамбы салыңыздар дейді. Бұл ауыл әкімінің сөзі. Жеті үй аралда қалдық. Бізде жол да жоқ. Күйеуім атпен жұмысқа кетті. Төрт баламызбен отырмыз. Жылда МЧС шығарып алады ғой. Биылғы суымыз былтырғыдан көп. Ауыл әкімі шығасыздар ма деп сұрады. Шығамыз дедік», — деді тұрғын Жазира ЖАКУПБЕКОВА. Ақтүбек ауылдық округіне қарайтын Атасу станциясы кеше Сарысу мен Манақа өзендерінің ортасында қалып қалған. 74 үйдің қазір 25-нің ауласына су кіріп кеткен. Егер қар суы өзендерге қосылса жағдайымыз тіптен қиын болады дейді халық. Бұл жағдай жылда қайталанады екен. Одан Жаңаарқа ауданының әкімі Юржан БЕКҚОЖИН, Қарағанды облысының басшысы Ерлан ҚОШАНОВ та хабардар екен.  «4 жыл болды ешкімнен көмек көрмедік.  Ауыл басшысының қолында түк жоқ. Әйтеуір арамызда жүреді. Былтыр қаншама мал суға кетті. Биыл үйге малымызды қамап отырмыз. Жалғыз табыс көзіміз малымыз ғой. Малмен бірге үйде қалай отырамыз? Былтыр дамбыны жасатуға өз қалтамыздан 200 мыңнан аса ақша кетті. Оның өзі қауқарсыз. Манақа өзенінің су бұзды да кетті. Кеше МЧС адамдары келді. Қайықтары да жоқ. Бір метірден асқан су қораға кіріп кетті», -дейді Атасу станциясының тағы бір тұрғыны Бақтияр ҚАНАФИН.Қазір ауыл халқы шама-шарқыларынша бөгеттер жасап қарекет етіп жатыр. Су ортасында қалған жиһаздарын сыртқа шығарып әуре. Қазір қос өзеннің арнасы басылған. Алайда, алда көктемгі жауын-шашын мен қардың су бар.«Кеше жүрегіміз тоқтап қала жаздады. Төтенше жағдайдар қызметінің бір өкілі, учаскілік полицей мен ауыл әкімі ғана келді. Бұлар жазда уәдені үйіп-төгеді. Көктемде өзімізбен-өзіміз қаламыз. Денсаулықтан денсаулық қалған жоқ. Тым болмаса дамбы жасап берсе. Жиналыста болған. Қатырамыз деген. Кеше су алып кетсе, бізді кім құтқарар еді. Былтыр үйді тастап қашып кеттік. Жанымызды сақтап қалайық деп. Бұлар адамды ойламайды. Ауру болып біттік. Бізге бұл үкіметтен көмек жоқ. Тыңдап жатқан ешкім жоқ. Былтыр қаншама төл суға кетті. Малды қойшы, суға батып жатсақ та бізді құтқаратын адам жоқ қой. Әйтеуір құдайдан ғана үміттіміз. Су әлі тағы келеді ғой», — дейді Күміс ДҮЙСЕМБЕКОВА.Қарағанды облыстық ТЖД-нің мәліметінше қазір елдімекенде су деңгейі 50 см. түскен. Жағдай бақылауға алынған. Суды бөгеу үшін екі жүз метірге бөген қойылған. Жаңаарқа ауданына Қарағанды мен Жезқазған қаласынан 38 адам мен 15 техникамен арнайы топ жөнелтілген.Фотоларды автор ұсынды.МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48