Бүгін, 11:04
«Қолданыстағы Конституция түсініксіз жазылған» – Ерлан Қарин
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бұл пікірін Конституциялық комиссияның кезекті отырысында айтты.
Оның сөзінше, бұрынғы Конституция мен Жаңа Ата заңның айырмашылығы айқын. Жаңа Конституцияны кез келген адам – жас та, кәрі де оқыса, бірден түсінеді, себебі мәтіні жеңіл әрі ұғынықты жазылған.
Отырыс барысында тіл мәселесі көтерілгенімен, қоғамда кеңінен талқыланып жүрген 9-бапқа қатысты дауға тоқталмады.
Ерлан Қариннің айтуынша, қазақ тілі кеңсе тіліне айналуы үшін заң мәтіндері барынша қарапайым әрі түсінікті болуы қажет.