Көлік жүргізушілер енді жеке куәлік алып жүрсе жеткілікті

Еліміздің Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтуынша, ендіқазақстандық жүргізушілер өзімен бірге тек жеке куәлігін алып жүрсе жеткілікті.
Себебі көлік иесі туралы қалған мәліметтерді полицейлер планшеттен көре алады.
«Бізжүргізушілердің өзімен бірге құқық белгілеуші құжаттарды алып жүругеміндеттелмейтін норма енгізгіміз келеді. Жеке куәлік қана болса жеткілікті, солқұжат арқылы планшеттен көлік иесіне қатысты мәліметті, ол көлікке қаншасенімхат жазылғаны, сақтандыру құжаты қашан аяқталатыны, техникалық тексеруденқашан өткені және қанша айыппұлы бары көрінеді», — деді министр Мәжілісотырысында.
Министрмұндай жүйенің Еуропаның бірнеше елінде бар екенін айтады.
«Бұлтек Қазақстан аумағында іске асатын норма, басқа мемлекетке барған кезде,әрине, құқық белгілеуші құжаттар болуы керек», — деді министр.