Көлік министрлігі Air Astana-ның экс-қызметкері айтқан даулы деректерді тексеріп жатыр
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Air Astana компаниясының бұрынғы қызметкері жариялаған мәлімдемеге байланысты тексеріс басталғанын хабарлады.
Оның айтуынша, тексеру «лауазымын пайдаланып, әуе билеттерін жеңілдікпен алу» мәселесіне қатысты жүргізіліп жатыр.
Министр овербукинг тәжірибесінің әлемнің көптеген елдерінде қолданылатынын атап өтті. Бұл мәселе бірнеше рет көтерілгенін айтып, овербукингтің әрі қарай да қолданылатынын жеткізді.
Баспасөзде тараған ақпаратқа байланысты Азаматтық авиация комитеті арнайы тексеріс тағайындаған. Оның нәтижесі қосымша жарияланатынын министр мәлімдеді.
Сондай-ақ Нұрлан Сауранбаев тексеріс овербукингтің өзіне емес, авиакомпанияның экс-қызметкері таратқан деректердің шынайылығына қатысты жүргізілетінін нақтылады.