Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:00

Көлсайда шомылған Дуров ісі Экология министрлігіне берілді

Дуров
Фото: kz.kursiv.media

Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың Көлсайда шомылуына қатысты іс Экология министрлігіне жолданды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк мәлімдеді.

Милюктің айтуынша, бұл жағдай бұған дейінгі қызғалдақ үзу оқиғасынан өзгеше:

  • қызғалдақ үзу – қылмыстық жауапкершілікке жататын экологиялық қылмыс, оны полиция тергейді;

  • ал ерекше қорғалатын табиғи аумақта шомылу – әкімшілік құқықбұзушылық, сондықтан бұл істі Экология министрлігі қарайды.

Бұзушылық дәрежесіне қарай жаза ескерту беруден бастап 10 АЕК мөлшеріндегі айыппұлға дейін өзгеруі мүмкін.

Еске салсақ, 7 қазан 2025 жылы Павел Дуров Көлсайдың суық суына түскен сәтін видеоға түсіріп жариялаған. 9 қазанда ол тағы бір бейнеролик жүктеген. Бұл жазбалар табиғатты қорғау органдарының назарын аудартты.

Тегтер: