Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:40, 03 Наурыз 2022

Көмбе көрінді

None
None

Рахымжантанушылар мен жасалаштанушылар мәреге жетті. Былтыр қазан айында жарияланған байқаудың қорытындысы жыл басында болған елдегі қоғамдық-саяси оқиғаларға байланысты өткен аптада ғана анықталды.

Естеріңізде болса, өткен жылы «Жас Алаш» газетінің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында «Рахымжан Отарбаев Руханият қоры» жеке қоры мен «Жас Алаш» газетінің бірлескен республикалық эссе байқауын жариялаған болатынбыз. Талап бойынша байқауға жасы 30-дан аспаған талапты жастар қатысты.

Байқаудың ережесі бойынша қатысушылар 6 номинация бойынша іріктелді. Оның үшеуі — Отарбаев шығармашылығы бойынша, қалған үшеуі «Жас Алаш» газетінің мерейтойына арналған-ды. Сөйтіп «Жас Алаш» тақырыбына арналған үш номинация бойынша алматылық журналист Индира Біржансал, Қызылорда облысы Қармақшы аудандық газетінің тілшісі Айнұр Әли, Түркістан облысы Кентау қаласынан журналист Гүлжан Серік жүлдегер болды.

Ал Отарбаев шығармашылығына арналған эссе жанры бойынша Өмірбек Кенжеахмет, Еламан Қабділәшім, Арқалық Әмәлият, Мерей Құпжан жеңімпаз болды. Жүлдегерлердің әрқайсысы руханият қоры тағайындаған ақшалай 200 мың теңге сыйақымен марапатталды.

Ескерте кететін бір нәрсе, конкурсқа көп еңбек түсті. Мысалы, газетіміз туралы жазылған мақалалардың өзі жиырма шақты болса, отарбаевтанушылардан 17 еңбек келді. Жазбалар бірінен-бірі жақсы: көркемдік деңгейі, тақырыпты ашу жағынан қалыптасқан қаламгерлерден еш кем жазылмаған. Рахымжан Отарбаев шығармашылығына бәйге, конкурстар мұнымен бітпейді. Өйткені, қазақ қара сөзінің қаймағын қалқыған Рахымжан Отарбаевтың екінші өмірі – шығармашылық ғұмыры әлдеқашан басталып қойған.      

Тегтер: