Комиссия заңсыз шешім қабылдаған

16.01.2018, 20:51

151

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының үш бірдей орынбасарының тәртіптік ісі кеңестің назарынан қалмады. Олар комиссия шешімімен конкурс талабына сай келмейтін тұлғаны бөлім басшысы қызметіне тағайындаған.

«Жекелеген азаматқа конкурстық комиссия тарапынан артықшылық көрсетілген», — деп кесіп айтқан кеңес төрағасы Абзал Сансызбайұлы мәселенің анығын жеткізді. Естеріңізде болса, осыған дейін де мұндай өрескел заң бұзушылықтар облыстық білім басқармасында орын алған. Мұнда басқарма басшысымен бірге комиссияның жеті бірдей мүшесіне қомақты әкімшілік айыппұл салынған еді. Алайда бұл жолғы кеңестің қату қабағындағы қара бұлт сейілді ме, неге екені белгісіз, конкурстық комиссия мүшелеріне берілер жаза ескертумен шектелді.

«Денсаулық сақтау саласы – ауыр сала. Кішкентай мәселеге бола үп-үлкен азаматтарды тәртіптік жауапкершілікке тартып, болашақтарына нұқсан келтіріп алмаймыз ба?!», — деген кеңес мүшелері төрағадан жеңіл шешім қабылдауды сұрады. Алайда, төраға заңнан аттап кете алмай, ескерту беруді ұйғарған. Әлбетте, кеңес мүшелерінің дауысымен.

Ойландыратыны, «ауыр сала» деп айдар тағып, тәнімізді емдейтін салаға баса маңыз берсек, жанымызды емдейтін, келешегімізді нығайтып, болашағымызды жарқын етуге мүмкіндік беретін білім саласынан бөліп жарғанымыз ба?! Ойландыратыны, осы.

Дәулет ҚЫРДАН,

Қызылорда облысы. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 07:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 06:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 07:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 07:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 07:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 07:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39